25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Заң мен тәртіп» қағидатын Сыр өңірінде жүргізу жайы талқыланды

2 Наурыз 2026 22:27
- Жаңалықтар, Құқық
«Заң мен тәртіп» қағидатын Сыр өңірінде жүргізу жайы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 наурыз. Бүгін Қызылорда облыстық әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселесі талқыланып, тиісті құжат қабылданды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров құқық қорғау органдарының, басқармалардың, жергілікті оқу орындарының басшыларымен, профессорлар және студенттермен, адам және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті.

Онда «Заң мен тәртіп»қағидатын өңірлік деңгейде нақты іске асыру, құқық қорғау органдарының кәсіби әлеуетін арттыру, ғылым мен практиканың өзара байланысын күшейту мәселелері талқыланды.

Нұрлыбек Машбекұлы еліміздің құқық қорғау, заң шығару салаларындағы ауқымды реформаларға тоқталды.

«Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды.Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған.Біздің мақсатымыз ортақ, ол – Тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру», – деді аймақ басшысы.

Ал «Заң мен тәртіп» қағидатының Конституция деңгейінде бекітілуі заң үстемдігі мемлекет пен қоғам өмірінің басты құндылығына айналатынын білдіреді. Бұл міндет, ең алдымен, құқық қорғау жүйесінің кәсібилігіне, кадр сапасы мен басқару мәдениетіне тікелей байланысты.

«Былтыр 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойды. Бұл заң құқық бұзушылықтың алдын алуды жазалау шараларынан басым қойып, профилактиканың бірыңғай жүйесін қалыптастырады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қайшы мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша кешенді әрі ведомствоаралық жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді»,– деді облыс әкімі сосын.

«Президентіміздің тапсырмасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымына енгізілді.Бүгінде бағдарлама «Заң мен тәртіп», «Еңбек адамы», «Таза Қазақстан» ұстанымдары аясына жүйеленді.Бұл – болашағына алаңдайтын, ұрпақ тәрбиесін басты құндылық санайтын еліміз үшін айрықша маңызға ие бағыттар», – деді Нұрлыбек Нәлібаев соңында.

Жиында Нұрғалым Әбдіров сөз сөйлеп, академия білікті кадрлар даярлап, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізетінін, оның түлектері құқық қорғау жүйесінің кәсіби әлеуетін нығайтып, «Адал азамат» қағидатын іске асыруға белсенді үлес қосатынын айтты.Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, Қорқыт ата атындағы университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, академияның кафедра меңгерушісі Артур Баймаханов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

Сөз қорытындысында облыс әкімі барша жұртшылықты алдағы маңызды саяси кезеңде елдік мүдде жолындағы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырды.

Жиын соңында аймақ басшысы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, облыс прокуроры мен облыстық полиция департаментінің бастығы Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтардың профилактикасы саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

Таңбалар: Заң және тәртіпҚызылорда облысыталқылау

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
«Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

18.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist