АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда індет жұқтырғандар 718-ге барды

АСТАНА. 8 сәуір. Астана уақытымен сағат 21:45-тегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 718-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Мұның алдындағы берілген мәліметтен кейін тағы 9 дерек анықталды. Олардың 4-і Қызылорда облысынан, 3-і Шымкент қаласынан, 1-і Астана қаласынан, 1-і Түркістан облысынан шықты.

Сонымен, бүгін жалпы саны 21 оқиға тіркелді. Олардың 10-ы Қызылорда облысының, 4-і Атырау облысының, 3-і Шымкент қаласының, 1-і Маңғыстау облысының, 1-і Ақмола облысының, 1-і Астана қаласының, 1-і Түркістан облысының еншілеріне тиді.

Сонымен, республикадағы 718 вирус жұқтыру дерегі аймақтар бойынша былай бөлінді:

Астана қаласы – 223, Алматы қаласы – 119, Қызылорда облысы – 76, Қарағанды облысы – 55, Жамбыл облысы – 45, Ақмола облысы – 43, Атырау облысы – 36, Түркістан облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Шымкент қаласы – 23, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1.

Осы кезге дейін коронавирустан республика бойынша 54 адам жазылып шықты. Олардың 29-ы  – Астана қаласынан, 23-і – Алматы қаласынан, 1-і – Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-і – Ақтөбе облысынан.

Қайтыс болғандар саны – 7 (Ақмола облысы – 3, Астана қаласы – 1, Қарағанды облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Шымкент қаласы – 1).

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button