Елімізде «СҚ-Фармация» тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшеді

АСТАНА. 10 ақпан. Қазақстанда дәрі-дәрмек сататын жүйе тәулік бойы кідіріссіз жұмыс істеу режимін жүзеге асырғалы жатыр. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осыған байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС тәулік бойы жұмыс істейтін 24/7 сенім телефонын іске қосады.
«Енді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кез келген уақытта жүгінуге болады», – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook әлеуметтік желісінде.
Ведомство басшысының айтуынща, оның бірыңғай тегін нөмірі «1439» болады. Қоңыраулар ұялы және қалалық телефондардан қабылданады.
Министр сондай-ақ желілік байланыс жүйесі арқылы қандай мәселелер жөнінде сұрақтар қойылуы керектігін айтады. Бұлар негізінен тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды алу тәртібіне, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету проблемаларына қатысты болмақ.
Желі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, қалғануақытта өтініштер міндетті тіркеумен және кері байланыспен автоматты түрде қабылданады.
Тұтынушылар қосымша мәселелерді •sk-pharmacy.kz сайтындағы басқарма төрағасының блогына және компанияның ресми әлеуметтік желілеріне қоя алады.
«Біз кері байланысты күшейтеміз және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін адамдар үшін ашық және ыңғайлы етеміз»,– деп мәлімдейді министр.






