Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды
АСТАНА. 5 сәуір. Бүгін Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Алдымен Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан кісі өлімі дерегі тіркелді. Ал кейінірек Шымкент қаласында да бір адам көз жұмды. Оның 1964 жылы туған кісі екені ғана белгілі.
Сонымен, Қазақстанда COVID-19-дан 6 адам қайтыс болып отыр. Олардың арасында Ақмола облысынан – 2, Астана қаласынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Түркістан облысынан – 1, Шымкент қаласынан 1 науқас бар.