Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

«Қайрат» – «Реал» матчының билеті 23 қыркүйектен сатыла бастайды

АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйекте жергілікті «Қайрат» пен Мадридтің «Реалы» арасындағы ойынның билетін сату 23 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматының «Қайрат» командасының өкілдері УЕФА-ның 2025/26 жылғы маусымының Чемпиондар лигасы аясында 30 қыркүйек күні оңтүстік мегаполисте ойналатын кездесуге қатысты мәлімдемемен шықты.

«Билеттерді сату 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 17:00-де басталады. «Қайрат» – «Реал» арасындағы матчтың өзі 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді», – делінген мәлімдемеде.

«Бір ЖСН-ге бір қолға екіден артын билет сатып алуға жол берілмейді, ал құжат мәліметтері билет сату кезінде де, стадионға кірер кезде де мұқият тексеріледі», – делінген бұдан әрі.

Мәлімдемеде билеттің құндары да көрсетілген. Ол УЕФА-ның келісіміне сай, жалпы кезеңнің үйде өтетін барлық матчтары үшін бірдей болып белгіленген, билеттер құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін барады. «Баға саясаты турнирлнр мен Чемпиондар лигасының ойындарын өткізудің халықаралық тәжірибесінің талаптарына сәйкес келеді», – делінген «Қайраттың» хабарламасында.

Стадионға бір жылға кіру абономенті бар жанкүйерлерге жеңілдік жасау да қарастырылған. Олар өздерінің сонда көрсетілген орындарына алдын ала жеңілдікпен билет сатып ала алудың керемет мүмкіндігіне ме болады. Бұл үшін билет сатыла бастағанға дейін стадионға телефон арқылы хабарласып, өздерінің барлық қажетті мәліметтерін айтулары керек.

«Әлеуметтік желіде алдын ала билет сату жөнінде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Сондықтан біз билеттерді тек сенімді арналар – Qairat SuperApp мобилді қосымшасы мен Ticketon сервисі арқылы ғана сатып алуды көптен-көп өтініп сұраймыз», – делінген клубтың хабарламасында.

Алматыдағы ойын турнирдегі екінші ұшырасу болмақ.

«Қайрат» бүгін Португалияның байтағы – Лиссабон қаласына ұшып шықты. Арадағы жеті мың шақырымдық жолды кесіп өткесін, біздің футболшылар осы қаланың «Спортинг» командасымен Чемпиондар лигасының осы маусымдағы бірінші ойынын өткізеді. Аталмыш матч 18 қыркүйек күні түнде «Жозе Алваладе» стадионында ойналады. Кездесу Астана уақытымен 00:00 сағатта басталады. Ол Qazaqstan телеарнасы арқылы көрсетіледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button