Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған күдіктілер қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қыркүйек. Қызылорда облысының аумағында заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің инспекторы мен Шиелі аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобы 13 қыркүйек күні Шиелі ауданы жерінде бейсеубет бара жатқан «Урал» мотоциклін тоқтатты.

Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан жарық шам, атылған 12 қоян, 1 ұңғылы 16 калибрлі ІІО-да тіркеуде жоқ аңшы мылтығы табылды. Сол жерде күдікті ретінде 32 және 37 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Олардың қарулары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қолға алынды. Сараптамалар тағайындалды.

Қазір заңсыз аң аулаушылықтың мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button