Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Алматы – Өскемен трассасындағы апаттан 10 адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 қыркүйек. Алматы – Өскемен тас жолының Жетісу облысы аумағындағы бөлігінде орын алған апат 10 адамның өмірін жұлып кетті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталған ауданда үш көлік бір-бірлерімен соғылып, салдарынан 10 адам бірден жантәсілім етті.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да Алматы – Өскемен автожолының 479-шы шақырымында, Алакөл ауданының «Көлбай» ауылының маңында болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan Cefiro маркалы автокөліктің айдаушысы қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button