Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Қайрат» «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасы топтық турниріне өтті

АЛМАТЫ. 27 тамыз. Алматының «Қайраты» оңтүстік мегаполистегі Орталық стадионда шотландтың «Селтигін» пенальти сериясында ұтып, Чемпиондар лигасының шешуші кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Матч 26 тамыз күні түнде ойналды. «Қайраттың» «Селтикпен» өткізген қарымта матчы бұрынғысынан да қауырт сипат алды.

Кездесу алаң иелерінің жедел шабуылымен басталды. Олар қарсыластар алаңына қарай деміл-деміл жойқын жорықтарға шығумен болды. Меймандар көпке дейін ойын тізгінін өз қолдарына ала алмай қойды. Бірақ бірте-бірте доп қонақтарға жиі тұрақтай түсті. Осы тұста Рафаэль Оразбақтиннің жігіттері жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, қарсы қақпа алдына шұғыл жетіп тұруға көшті.

Командалар бірінші таймда барынша сақ ойнады. Соның салдарынан олар бір-бірлерінің қақпаларына екі реттен ғана соққы жасады. Бұлардың бірін алматылықтардың жас қақпашысы Темірлан Анарбеков сенімді түрде қайтарып үлгерді. Ол Глазгода ойналған бірінші матчта жарақат алып қалған Андрей Заруцкийдің орнына сөрелік құрамда алаңға шыққан еді.

Екінші тайм «Селтик» ойыншыларының дамылсыз шабуылдары негізінде өрбіді. Дегенмен, қайраттықтар өздерінің ең қауіпті соққысын тап осы кезде жасады. Алдымен қонақтардың қорғаушысы артқа тепкен допты қақпаға кіріп бара жатқан жерінде голкипер Каспер Шмейхель қолымен қайтарды. Осы үшін айып алаңының ішінде айып добы белгіленді. Бірақ қайраттықтар соққысы қақпа алдына қойылған «қабырғадан» кері қайтты.

Соңғы минуттарда қонақтардығ есеп ашып кететіндей мүмкіндіктері болды. Алайда олардың Анарбековпен жекпе-жек шыққан шабуылшысы дарбазашыдан асып кете алмады.

Осылайша ойынның негізгі уақыты тура Глазгодағы бірінші кездесудегідей тағы да 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта та есеп өзгермеді. Содан кейін кезек ойыннан кейінгі пенальтилер сериясына келді. Онда Темірлан Анарбеков қарсыластардың үш добын кері қайтарып, командасына жеңіс алып берді. Бізден бірінші болып допқа келген Валерий Грамыка қақпаның маңдайшасына дөп тиіп, мүлт кетті. Ол «Слованмен» ойында да пенальтиге бірінші келіп, құр қол қайтып еді. Ал мұның алдында қонақтардың бірінші добын қайтара алған Темірлан екі допты жібергеннен кейін тағы екі допқа тосқауыл қоя білді. Біздің жігіттер болса, бәрін енді мүлтіксіз салып тұрды. Сондықтан соңғы допты тебудің керегі болмай қалды. Есеп – 3:2!

Сөйтіп, «Қайрат» өзінің тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының негізгі раундына өтті. «Селтик» өз кезегінде шайқасты Еуропа лигасында жалғастыратын болады.

«Кто бы мог подумать, что в этом противостоянии мы так и не увидим голов. В первом тайме шла осторожная игра, соперники в сумме лишь четыре раза пробили в сторону ворот, и лишь удар Джеймса Форреста вышел опасным, но Темирлан Анарбеков выручил свою команду, – деп жазды Ресейдің «Футбол на Куличке» таблоиды осы кездесу туралы. – После перерыва шансы стали возникать уже и у хозяев, однако Каспер Шмейхель также действовал надёжно. Хозяевам в нападении очень не хватало дисквалифицированного Дастана Сатпаева. Игра перешла в дополнительное время, и на этом отрезке сил осталось больше у гостей. Шотландский клуб имел все шансы для того, чтобы добиться успеха, однако Анарбеков стоял стеной в своих воротах. Вышедший на замену джокер «Селтика» Люк Маккоуэн так и не сумел его пробить. Встреча докатилась до серии пенальти, и вратарь «Кайрата» поймал такой кураж, что отразил три удара с «точки» из пяти. Поэтому выстрел Валерия Громыко в перекладину не стал фатальным для хозяев. «Кайрат» добился впечатляющего успеха, подарив праздник всему Казахстану, и теперь попробует свои силы в поединках с сильнейшими клубами Европы».

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button