Трамп РФ-ның Зеленьский жөніндегі ұстанымын «сандырақ» деді

УАШИНГТОН. 27 тамыз. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Украина президентінің заңды емес екені турасындағы сөзіне «сандырақ» деген баға берді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәскеу Володмир Зеленськийдің Украина президенттігінің лауазымында заңсыз отыр-мыс дегенді айтқан кезінде біреудің ішкі тірлігіне қол сұғып отырғанын әсте ескермейді, мұндай мізбақпас сөздерге мән беріп те қажеті жоқ. АҚШ президенті Дональд Трамп 26 тамыз, сейсенбі күні Ақ үйде журналистермен кездесуі кезінде осылай деді. Журналистердің бірі оған осындай сұрақ қойды. Ол РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ықтимал бейбітшілік келісімін жасасу үшін Мәскеудің Зеленськийді заңды президент санай қоймайтынын еске салып өтті.
«Олардың не дегендерінің мәні жоқ. Мұның бәрі – бос сөз. Олардың бәрі сондай поза тауып алған. Мұның бәрі – сандырақ, түсінікті ме? Олар жұрттың ішкі істеріне қол сұға береді», – деп жауап берді сонда Трамп. Президент залда отырған арнайы өкіл Стив Уиткоффтан бұл жөнінде не ойлайтынын сұрады. Бұған ол: «Мен сізбен келісемін, сэр» деп жауап берді.
Бұдан кейін Ақ үйдің егесі тағы да Ресейдің апта сайын «мыңдаған адамның» өлуіне апарын соқтырып жатқан Украинаға қарсы соғысын жеделдетін тоқтатқысы келетінін мәлімдеді. Трамп осы ретте Мәскеуге қысым көрсету мүмкіндіктері жайында айта келіп, енді «дүниежүзілік соғыс емес, экономикалық соғыс» басталып кетуі ықтимал екенін алға тартты. «Бұл соғыс Ресейге өте ауық соққы болып тиеді. Бірақ мен оны қаламас едім», – деді ол сосын. Осы арқылы Кремльге ойлануға мұрсат беретінін аңғартты.
Содан соң Украина президентінің атына сын айтуға көшті. «Зеленськийді де судан таза, сүттен ақ деуге болмайды. Тангоны екі адам билейді», – деді Трамп бейнелі түрде.
Ақ үйдің қожайыны сосын украин әріптесімен соңғы уақыттары жақсы қарым-қатынаста екенін қосты, себебі, Уашингтон Киевке қару-жарақтарды тегін беруді тоқтатты. «Бірақ адам өлімін тоқтату үшін соғысты аяқтаудың маңызы зор», – деп атап өтті ол.






