Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Келлогг: Трамп Украинадағы соғыстың қашан аяқталатынын айтты

КИЕВ. 25 тамыз. Ақ үйдің Украинадағы өкілі Кит Келлогг президент Дональд Трамптың Украинадағы соғыс қашан аяқталады деп есептейтінін жеткізді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Киеве келгеннен кейін Ресей-Украина соғысының қайғылы жай-жапсарын ашып көрсетіп, қантөгістің қай кезеңде аяқталуы керек екенін атап өтті.

Құрама Штаттар Украинадағы соғыс 2026 жылдың 24 тамызына дейін аяқталуы керек деп күтеді, бұл – ел тәуелсіздігінің 35 жылдығын тойлайтын күн. Киевтегі таңғы ас кезінде мұны АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог айтты.

Өкілдің сөзінше, президент Дональд Трамп қантөгісті тоқтатып, бейбітшілікке қол жеткізуге берік бағыт ұстап отыр. Келлогг Ресейдің Украинаға жаппай басып кіру соғысы төрт жылдан бері жалғасып келе жатқанын және осы уақыт ішінде шығынның орасан зор деңгейге жеткенін еске салды. Ол бұл соғыс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең ірі әскери қақтығысқа айналғанын атап өтті.

«Біз бұл соғысты төртінші жыл бастан кешіп жатырмыз. Бұл тек Ресей мен Украина арасындағы текетірес емес, бұл – бүкіл әлемді өзгерткен соғыс. Ұрыс ұзақтығы АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуынан да асып түсті. Егер Украина мен Ресейдің шығынын қоссаңыз, қаза тапқан жас жігіттер мен қыздардың саны Екінші дүниежүзілік соғыстың ауқымынан асып түседі», – деді Келлогг мәлімдемесінде.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button