ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей ұлтшылдарының бірі Путинге ашықтан-ашық қарсы шықты

МӘСКЕУ. 19 маусым. Донецк сепаратистерінің бірі – Павел Губарев РФ диктаторы Владимир Путинге қарсы шығып, ресейшіл лагерь ішінде жанжал тудырды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің ішкі элитасында күтпеген жерден жанжал өрбіді: сеператист Губарев Кремль қожайынын ашықтан-ашық қатты сынға алып, оның өзіне сол жерде телефон соқты.

Сарапшылар енді Губаревтің «сатқын» ретінде тұтқындалатын уақыты тым жақын екеніне болжам жасап отыр.

Донецк сепаратистері жетекшілерінің бірі, бұрыннан Кремльдің «адал құлы» саналатын Павел Губарев күтпеген жерден Путинді өткір сынға алып, жалғанның жалпағына шықты. Ол көпшілік алдында Ресей президентін «жалдамалы оффшорлық менеджер» және «батыс элитасының тапсырысын орындайтын актер» деп атады. Ресейдегі аса қатаң цензура жағдайында мұндай мәлімдеме адамның өзіне өзі шығарып алған үкімі сияқты болып естіледі.

Губарев өмірінде бірінші рет Путиннің өзін осыншалықты қатқыл сынға алып, оған бірден тап берді. Ол өзінің telegram-арнасында РФ президентін бар болғаны батыс элитасының мүдделерін бүркемелеу үшін «жақсы патшаның» рөліне еніп алған «сөйлеп тұрған бас» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, тіпті Кирилл Дмитриевтің АҚШ-пен келіссөз жүргізушісі болып тағайындалуы «Путиннің жеке нұсқауымен» болған, бұл Губаревтің пікірінше, Кремльдің сыртқы мүдделерге тәуелділігін растайды. Губарев Ресейде болып жатқан апаттардың негізгі көзі ретінде Путиннің жеке өзін ғана емес, сонымен қатар оның 2000-шы жылдардың аяғында қалыптасқан бүкіл «командасын» айыптайды.

Ол тіпті жалынды патриоттардың өздері де манипуляцияның ауқымын сезіне алған жоқ, себебі «актёр Путин өзінің міндетін сапалы атқарып отыр» деп есептейді.

Егер Губаревтің либералды оппозиционер емес, керісінше, Z деп аталатын Ресей символдары бірінің бастаушысы екенін ескерсек, мына сынның салмағы аса ауырлай түседі. Оның бұл өткіп сындары бұрын жоғарғы билікке көзсіз сеніп келген Ресей қоғамының тіпті ультрапатриоттық бөлігінің де көңілі қатты қалғанын айғақтап береді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button