ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылордада «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік бейімдеу шарасы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 маусым. Сыр бойындағы бас қалада «Қақпа алдындағы кездесу» атты әлеуметтік бейімдеу шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінен жазасын өтеген бір азаматтың бостандыққа шыққаны себеп болды.

Шараны аталмыш мекеменің тәрбие бөлімі өткізді.

«Қақпа алдындағы кездесу» атты әлеуметтік бейімдеу іс-шарасының басты мақсаты сотты болып, жазасын өтеп шыққан азаматтың қоғамға қайта орала білуіне бейімдеу, қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау құрылымдарының мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Олар босатылған азаматқа құқықтық кеңес беріп, құжаттарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмектерге жүгіну жолдары бойынша нақты ақпарат ұсынды.

Сотталған азаматты мекеме қақпасынан туған-туыстары қарсы алып, отбасымен қауышу сәті оның өміріндегі жаңа кезеңнің бастамасы болды.

Қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің айтуынша, бұл сияқты кездесулер сотталғандарды қоғам өміріне бейімдеудің тиімді тетігі. Мұндай қолдау шаралары бұрынғы сотталған азаматтарға жаңа өмір бастауға серпін беріп, олардың толыққанды азамат ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button