Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресей армиясында бүлік шықты: солдаттар әскер сапынан кетуде

МӘСКЕУ. 19 маусым. Ресей қарулы күштерінің жауынгерлері қолдарына қару алып, екі бағытқа қарай қашып кетіп жатыр. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Купянск және Запорожье бағыттарындағы Ресей әскерлерінде қашқындық фактілері жиі тіркелуде: жауынгерлер қару-жарақпен позицияларын жаппай тастап, шабуылдан бас тартып, қашып кетіп жатыр.

Орасан зор шығындар мен мағынасыз «өлімге ұшырау» жағдайында Ресей армиясының қатарында ұдайы дағдарыс дәргейі туындады. Сарбаздар бұйрықты орындаудан бас тартып, майданнан қару алып қашып, шабуылдар қарқынын жаппай бұзуда. Бұл жағдай қалыпты көрініске айналды – солдаттар енді әлдекімдердің айтақтауымен басқа елдің жерінде жан тапсырғылары келмейді.

Ресей мәнбелері арқылы жеткен соңғы екі хабар солдаттардың позициялардан қарумен қашулары әредік кездесетін деректер емес, оның жаппай сипат ала бастаған көрініс екенін айғақтап отыр.

Қазір Велика Новосёлка ауданында «Агат» және «Сизый» деген шақыру белгілері бар екі әскери қызметкер іздестірілуде. Екеуі де өздерімен бірге пулемет пен граната алып қашқан, олардың бірі қашу барысында жарақат алып қалған, аяғын ақсаңдай басады. Ресейлік жендеттер енді оларды құтқару үшін емес, көпшілікке көрсетіп жазалау үшін «айрықша жоспармен» іздеп жатыр. Олар жөнінде ақпарат берушіге сыйақы белгіленген.

Купянск бағытында әрекет ететін 15-ші мотоатқыштар полкінің (31134 әскери бөлімі) әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырманы орындаудан бас тартты. Мәнбелердің бірі сипаттағандай, бөлімше ішінде «үрейлі дүрбелең» туған.

Украина барлау қызметі мен тәуелсіз әскери сарапшылардың пікірінше, ресейлік шабуылдар жеке құрамды дұрыс артиллериялық қолдаусыз, бронетранспортерсіз, мүмкіндіксіз оқтың астына лақтыра салуға негізделген. Сарбаздар мұны «өлтіруші ауысым» және «ет миссиясы» деп атайды және қашуды, саботаж жасауды немесе тікелей бас тартуды көбірек қалайды.

Вахталардың жоқтығы, керек-жарақтардың тапшылығы, сондай-ақ офицерлер мен коменданттардың қатыгездік әрекеттері аясында армия қатарындағы көңіл-күй екіге жарыла бастады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button