Ресей Путиннің кіші қызын оның мұрагері етіп дайындап жатыр

МӘСКЕУ. 18 маусым. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Путиннің болашақ мұрагері ретінде кіші қызының «көлеңкеден» шыққанын жазып жатыр. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кремльдегі ықпалды тұлғалар диктатор Владимир Путиннің қыздарының бірін оның мұрагері етіп дайындап жатыр-мыс. Экономикалық проблемалар, халықаралық оқшаулану және элитаның қалжырауы аясында орыс элитасында соңғы уақытқа дейін мүмкін еместей болып көрінген сценарий туындай бастады.
Әңгіме президент алмасуы турасында болып отыр. Осы тұрғыда диктатор Владимир Путиннің кіші қызы Катерина Тихонованың тұлғасы күтпеген жерден көпшіліктің назарына түсті. Мұның жайын ресейлік арнайы қызметтермен байланысы бар ықпалды «ВЧК-ОГПУ» telegram-арнасы эфирге шығарды. Бүгін, 18 маусымда өткен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Путиннің екі қызы да «жарқырап көрінді». Алайда олардың жасы Екатерина жұрттың ынтасын өзіне көбірек аударды. Ол енді Ресей Федерациясының болашақ басшысы ретінде көрсетіліп, насихаттала түсетін болады.
Инсайдерлердің пікірінше, аталмыш сценарийде шешуші рөлді Путинмен тығыз байланыстағы ықпалды олигархтар – ағайынды Ковальчуктер атқаруда. Олар Тихонованың мемлекет басшысы лауазымын иеленуіне алып баратын тиіс жоспарды белсенді түрде жүзеге асыру үстінде. «Михаил Ковальчук Путинге үлкен ықпалы бар ағасы Юрийдің толық қолдауымен соңғы уақытта Ресей Федерациясында өзінің «билікті ауыстыру» межесін белсенді түрде ілгері жылжытуға кірісіп кетті. Оған сәйкес, Катерина Тихонова Ресейдің жаңа президенті болуы тиіс.
«Әңгімелесушілердің айтуынша, Ковальчук қазір Путиннің өзін де, Тихонованы да бұл жоспардың дұрыс екеніне белсенді түрде сендіріп бағуда», – деп баяндайды ВЧК-ОГПУ.
Телеарнаның мәнбелері бұл нұсқаны талқылау қазірдің өзінде жабық шеңберлерде жүріп жатқанын, тіпті нақты жүзеге асу датасы ретінде 2026 жылдың аталып жатқанын да жатқанын айтады.
Міне, тап сол уақытқа дейін Путин ресми түрде немесе бақылауда болатын сайлау процесі арқылы билікті өткізу мәселесін көтереді-міс. Сол кезде Катерина Тихонова партияның ашық қолдауынсыз жеке тәуелсіз тұлға ретінде саясат сахнасына шығады. Мұнда ол Ресейді ішкі және сыртқы жүйесінің сұраныс үшін жаңадан жасап шығаруға қабілетті «жаңа қайраткер» және ғылыми сарапшы тұлғасында ұсынылады.
Катерина Тихонова – соңғы уақытқа дейін саяси сахнада көрінуден бас тартып келген, білімі жағынан физик және жасанды интеллект саласындағы маман. Ал Нева жағасындағы қалада өтіп отырған форумға қатысуы оның жаңа рөлге дайындалып жатқанының ескертпе дабылы ретінде қабылдануда.