ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Трамп Путиннің Иранға бітімгер болу жөніндегі ұсынысын қабылдамады

УАШИНГТОН. 18 маусым. Дональд Трамп Владимир Путиннің Израиль мен Иран арасына бітімгер болу жөніндегі өтінішін орындаудан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, ол Ресей диктаторы Владимир Путиннің Израиль мен Иран арасындағы соғысты тоқтататын делдал болу жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастаған. Ол бұл өтінішке жауап ретінде алдымен Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға шақырған.

АҚШ президенті Дональд Трамп маусымның 18-і, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путиннің Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеуде делдал болу ұсынысы туралы айтты, Трамп оған бас тартумен жауап берген.

«Ол шынында да маған арашашы болуды ұсынды. Мен оған сосын: «Маған жасаған жақсылығың болсын, сен алдымен өзіңе делдал бол. Кел, одан да әуелі Ресейдің жайын шешіп алайық. Ал мына мәселемен сен сосын шұғылданасың» дедім», – деді Трамп журналистерге.

Америка президенті сонымен бірге «кеше» Путинмен сөйлескенін айтты.

Путин мен Трамптың соңғы белгілі әңгімесі 14 маусымда өтті. Олар «Таяу Шығыстағы жағдайдың қауіпті ушығуын» талқылады», – деді Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков. Оның айтуынша, Трамп жағдайды «өте алаңдатарлық» деп атаса, Путин Ресейдің екі ел арасында делдал ретінде әрекет етуге дайын екенін мәлімдеген.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button