Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Назарбаев мектебінде мұғалімді балағаттаған оқушы оқудан шығарылды

АЛМАТЫ. 27 мамыр. Мұғалімін қорлағаны үшін оқудан шығарылған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқиға 23 мамыр күні орын алған.

«23 мамыр күні 11 сынып оқушысы бақылау жазу үстінде телефонымен қолға түсіп қалады, осыдан кейін жасөспірім ұстазына дөрекілік көрсетеді. Осы үшін мектепдің педагогикалық кеңесі оны оқудан шығаруға шешім қабылдайды», – делінген хабарламада.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова болған жағдайға байланысты бірден өз ойын білдірді. «Баланы 23 мамырда қалай оқудан шығаруға болады? Ол қазір қайда барады? Оны қандай мектеп қабылдай қояды? Алматының Назарбаев мектебі, сіздер осымен оқушының құқығын бұзып отырмыз деп ойдамайсыздар ма? Сіздерге мұндай асығыс шешім заңға қайшы болып көрінбей ме? Сіздер өздеріңізден қоғам күткен деңгейден төмен түсіп кетіп отырған жоқсыздар ма?», – деген сұрақ қояды парламентарий.

Ал Назарбаев зияткерлік мектебі басқармасының төрағасы Әнуар Жанғозин бұған оқушы оқудан шығарудың қисынды және негізді екенін айтып жауап берген.

«Мектеп педагогы белгіленген тәртіппен одан телефонын алып қойған. Алайда оқушы мұны агрессивті қабылдап, мұғалімнің тарапына өзге оқушылардың көзінше орыстың «ш…ва» деген сөзін қолданып, өте дөрекі жауап қайтарған. Аталмыш инцидент тіркеуге алынған, оның тиісті айғақтары бар. Мұндай мінез-құлық тек мектеп тәртібі нормасы мен ұстаздарға қатысты құрмет қағидаттарына ғана емес, сонымен қатар жалпыға ортақ моральдық құндылықтарға да сәйкес келмейді. Айта кету керек, бұл оқушының бұған дейін де тәртіп бұзған кездері болған. Педагогті құрметтеу – тиімді білім берудің бөлінбес негізі, сондықтан біз осыншалықты деңгейде ұстаздың ары мен намысын қорлау фактісіне көз жұмып қарай алмаймыз. Осыған байланысты мектеп педагогикалық кеңесінің аталмыш оқушыны оқудан шығару жөніндегі шешімі, менің көзқарасымша, қисынды да негізді болып табылады. Біз бұл оқиғаның жай-жапсарын байыпппен талдап, тиісті қорытынды шығаратын боламыз. Сонымен бірге, бұл мәселеде мектепті ғана кінәлау дұрыс емес екенін, бұдан басқа тағы отбасы мен қоғам барын да ұмытпауымыз керек. Қазіргі таңла оқушыны басқа мектепке ауыстыру жайы келісіліп қойылды»., – деді Жанғозин.

Атап өтуіміз керек, жеткіншек келесі күні арнайы видеоүндеу жазып, онда кешірім өтініп, оқуын жалғастыруына рұқсат сұраған. Оның айтуынша, ата-анасы орыс тілін білмейтін болғандықтан, өзін оқудан шығару туралы құжатқа қол қойып жіберген.

Алайда Мәжілістегілер баланы оқудан шығарудың заңсыз нәрсе екенін айтып отыр. Мәселен, депутат Мұрат Әбенов жасөспірім әке-шешесінің қарапайым адамдар екенін, тек қазақ тілін ғана білетін олардың ұлдары орыс мектебін таңдағанда, сабағын дайындауына көмектесе де алмағандарын алға тартады.

«Назарбаев зияткерлік мектебінде оқып жүрген жылдарының бәрінде Сұңқар өз құрдастары арасында көрсеткіштері үздік екенін көрсеткен. Математикадан емтихан тапсыруы барысында одан телефонын алып қойса, алған да шығар, бірақ бұл үшін оны айыптауға болмайды, ол пәнді өте жақсы білген. Айтқандай, сол күні алты оқушыдан телефондары алынып қойылған. Баланы орта білім алудан айыруға тек мектеп, тек министр ғана емес, сонымен бірге соттың да ешқандай құқы жоқ. Кез келген бала 18-ге келгенше орта білім алуға тиіс. Енді зияткерлік мектептің Қазақстанның кез келген аазаматының баласын оқыту үлін бюджеттен қаржы алып отырғанын ескерсек, олардың осы міндетті орындауға тиіс екенін біле түсеміз. Бұл – ақылы қызмет көрсететін жеке бизнестері емес. Бұл – мемлекет бекіткен стандардтың мемлекеттік тапсырысы. Мектептің құрылтайшысы – Үкімет», – деді ол.

Әбенов сондай-ақ бағдарламаларында үлкен айырмашылықтар бар болғаннан кейін жасөспірімді енді жай мектепке ауыстырып қоя салуға болмайтынын айтты.

Жағдайға Ағарту министрі Ғани Бейсенбаев та араласты. «Ағарту министрлігі педагогтың мәртебесін түсіруге бағытталатын кез келген әрекетке үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді. «Біз сонымен бірге оқушының қателік жіберіп алғанын сезінгенін де көріп отырмыз. Бұл жағдайда зияткерлік мектебі тек ішкі нормаларды ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен педагогикалық кәсібилікті басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды деген ойдамыз», – деп сендірді министр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button