26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жүзінен жылылықтың самалы ескен

6 Ақпан 2026 16:40
- Жаңалықтар, Қайнар
Жүзінен жылылықтың самалы ескен
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Арайлап алтын таң атып, күн ұясынан ұясынан көтеріле бастағанда, Қызылорданың бір бұрышында тұратын аяулы бір жан өзінің киелі мекені – мектебіне қарай асығады. Ол – саналы өмірін шалымды шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан Жанар Даниярова. Оның адами болмысы аналық мейірім мен кәсіби талаптың ғажайып үндесуінің куәсі іспеттес.

Біз білетін Жанар Байдуллақызының шырайлы жүзінен әманда жылылықтың шуағы төгіліп, самалы есіп тұрады. Сол шұғыла мектеп табалдырығынан алғаш аттаған бүлдіршінге сенім сыйлайды.

1993 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда педучилищені бітіріп, қолына «мұғалім» деген куәлігін алған бойжеткен бүгінде біліктілігі кемелденген «педагог-зерттеуші» деңгейіне жетті. Бірақ оның ең үлкен атағы – құжаттағы дәрежесі емес, шәкірттерінің жүрегіндегі «Менің аяулы мұғалімім» деген шынайы сезімі.

Ұстаздың шынайы бейнесі сабақ үстінде ерекше ашылады. Ол математиканың күрделі формулаларын құрғақ сан ретінде емес, өмірдің логикасы, тіршіліктің тепе-теңдігі ретінде түсіндіреді. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту» атты еңбегі мен «Қызықты математика сабағы» авторлық бағдарламасы – оның кәсіби ізденімпаздығының жемісі. Жанар апай баланы есеп шығаруға ғана емес, сол есеп арқылы өмірдің қиындықтарын шешуге, логикалық ой түюге үйретеді. Оның шәкірттері – Әділхан Нұрланның қалалық олимпиададағы жеңісі, Әдемі Жақсыбайқызының ғылыми жобадағы ізденісі – ұстаздың еңбегін паш ететін тірі ескерткіштер іспетті.

Жанар ұстаздың бойындағы ең асыл қасиет – оқушыны шыңдауға деген құштарлық. Ол өз шәкірттерін «үздіктер» қатарынан көрсету үшін күндіз де, түнде де талмай еңбектенеді. 2025 жылы «Кенгуру» мен «Ақ бота» интеллектуалдық додаларында топ жарған ондаған оқушысы – осы қажырлы еңбектің өтеуі. 2023 жылы «Алтын белгі» иегерлерін дайындағаны үшін алған Құрмет грамотасы оның кәсіби биіктігін көрсетсе, әріптестері мен ата-аналардың ілтипаты оның адами қадір-қасиетін айшықтайды.

Отыз жылдық еңбек жолының 28 жылын Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында өткізуі – ұстаздың өз ұясына, өз ісіне деген шексіз адалдығының көрінісі. Ол үшін мектеп – жай ғана ғимарат емес, ол – ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтардың қанат қағатын мекені. Инклюзивті білім беру саласындағы еңбегі оның жүрегінің кеңдігін, әрбір баланың тағдырына деген жауапкершілігін көрсетеді. Ол – әр баланы жеке тұлға деп танып, оның бойындағы жасырын қабілетті оята алатын нағыз психолог.

Жанар апайдың марапаттары – «Ең үздік басылым», қалалық кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімінің грамоталары – оның қоғамдағы беделінің айғағы. Бірақ Жанар үшін ең биік марапат – сабақ аяқталғанда шәкіртінің «Рақмет, апай!» деген бір ауыз жылы сөзі. Ол – шәкірт санасын нұрландырып, оларды білім шыңына жетелейтін дара жолдың иесі.

Осындай білікті маман, аяулы ана, парасатты ұстаз барда қазақ білімінің іргесі ешқашан шайқалмақ емес. Жанар Даниярованың өнегелі жолы – кейінгі толқынға үлгі, ұлт болашағына бағытталған жарқын бағдар.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда қаласы

Таңбалар: Жанар Данияровамұғалімоқушы

Ұқсас мақалалар

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы
Аймақ

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы

16.02.2026
Әр күні ізденіспен өтіп жатыр
Жаңалықтар

Әр күні ізденіспен өтіп жатыр

06.02.2026
Мамандығын мақтан тұтатын мұғалім
Жаңалықтар

Мамандығын мақтан тұтатын мұғалім

03.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist