
Басты кейіпкер: Арман, 11-сынып оқушысы
ЕРТЕГІ ТҮРІНДЕГІ КІРІСПЕ
Ертегінің басталуы
Таңғы мезгіл. Тымық ауа. Күн сәулесі мектеп ғимаратына баяу түсіп тұр.

Диктор: Қазір біздің арамызда Арман деген бір жас бар. Ол көптің бірі сияқты. Бірақ оның жүрегінде үлкен таңдау жасайтын сәт жақындап келе жатқан… Бұл өмір ертегі секілді. Әр адам өз жолын өзі таңдайды. Бір жол жарыққа апарады. Екінші жол қараңғылыққа жетелейді. Ал қай жолды таңдау – әркімнің өз қолында…
Арман орта мектептің 11-сыныбында оқиды. Алдында үлкен өмір тұр. Асқақ армандары бар, мұратты мақсаты бар. Бірақ бүгін оның өмірінде ертегі сияқты бір сын басталмақ…
Арман мектеп дәлізінде сабырмен келе жатыр.
Бұзақы балалардың қоршауында
Кенет оның алдынан бұзақы оқушылар кездесті. Олар алаңсыз келе жатқан Арманның жолын кес-кестеді.
– Арман, бізде саған беретін керемет бір зат бар. Оны пайдалансаң, өмірдің нағыз рахатын сезінесің, – деді олардың бірі.
– Бір-ақ рет… ешкім білмейді… – деді екіншісі сосын.
Арман ойланып қалды. Бұл жол… қайда апарады? Басында бәрі қызық сияқты көрінеді… Бірақ уақыт өте өмірдің мәні жоғалады… Бұл – менің болашағым емес…Мен басқа жолды таңдаймын.
Шынайы шешім
– Жоқ. Маған бұл керек емес, – деді Арман бір кезде. Сөйтті де, алдында тұрған балаларды айналып өтіп, мектебіне қарай бет алды. Онда оны жарқын болашақ күтіп тұр еді. Ол соған асықты. Білім алуға асықты.
Арман солай дұрыс жолды көздеді.
Дұрыс таңдау адамды алға жетелейді.
Өз өмірің өз қолыңда.
Есірткіге жол жоқ.
Іштей осылай деген Арман жеңілдеп қалды. Айналасына жадырай қарады.
Әмина САДАҚБАЙ,
№186 орта мектептің 6-сынып оқушысы
Қызылорда облысы.
Қармақшы ауданы,
«Қуаңдария» ауылы






