Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

«Ол отпен ойнап отыр». Трамп Путиннің Украинаға соққысын сынады

УАШИНГТОН. 28 мамыр. АҚШ президенті Ресейдің Украинаны соққы астына алуын тағы сынап, РФ диктаторын «отпен ойнап жүр» деп сөкті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей армиясының украинның бейбіт қалаларына берген жақындағы жаппай соққысына байланысты Владимир Путиннің мәнзіліне қатаң ескерту жасады. Truth Social әлеуметтік желісінде осылай жазған ол Путинді «отпен ойнап жүр» деп айыптап, мұның салдары Ресейге ауыр тиетінін атап көрсетіпті. «Владимир Путиннің бір түсінбей отырғаны – егер мен болмасам, Ресейдің басына баяғыдан-ақ өте жаман нәрселер үйілген болар еді. Мен шынымен жаман нәрселер жайлы айтып отырмын. Ол отпен ойнап жүр», – деп торыға жазды АҚШ президенті.

Бұдан алдын Дональд Трамп Путин Украинаға шабуыл жасай отырып, «адамдарды көптеп өлтіріп жатқанын» айтқан еді. Америка лидері осыған байланысты Мәскеуге қысым көрсететін санкциялық шектеулерді күшейте түсуді қарастыратындарын жеткізді. Сонан кейін ол Truth Social желісінде Ресей президентінің әрекеттерін есірген адамның тірлігі екенін айта келіп, «Путин шынымен ақылынан алжасты. Мен қашаннан оның Украинаны бір бөлігін ғана емес, бүкіл елін басып алуды көздеп отырғанын айтып келемін. Бірақ ол мұны жасайтын болса, бұл Ресейді құлауға әкеледі», – деп атап өтті.

The Wall Street Journal газеті өзінің мәнбелеріне сүйене отырып, Дональд Трамп Ресейдің бейбіт келісімге келу ниеті жоқ екенін байқағасын, оған қайта тұра алмастай санкциялар шоғырын енгізуді ойластырып жатқанын жазды. Республикашыл сенатор Лигдси Грэм мұның алдынды Ресейден энергия көздерін сатып алатын елдердің тауарларына 500 пайыз мөлшерінде баж салығын салуды ұсынған болатын. Шамасы, бәрі соған келе жатқан сияқты.

Ең бастысы, осы уақытқа дейін Владимир Путинді қолдап келген Дональд Трамп шын мәнінде оның кім екенін, күні бүгінге шекті өзін ақымақ санп келгенін ұқты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button