Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Таразда той жасап, беташар өткізген жігіт қамалды

ТАРАЗ. 28 наурыз. Тараз қаласында төтенше жағдай кезінде үйіне көп адам жинап, беташар өткізген 30 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Ішкі істер министрлігінен хабарланғандай, полиция қызметкерлері беташарда асабалық жасаған жігітпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай оқиғаға жол бермеу керектігін ескерткен.

Қазіргі таңда Тараз қаласының полиция басқармасы адамдар жиналатын орындарға күнделікті рейд жасап отырады. Төтенше жағдай басталғалы полицейлер ТЖ талаптарын бұзған 15 кәсіпкердің үстінен әкімшілік іс қозғаған. Олардың сегізіне айыппұл салынып, екеуі ескерту алған, бесеуі әкімшілік қамауға алынған.

Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын ескермеген азаматтар жазасын алатынын ескертеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button