Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытай ЕО-ны жаһандық сауданы қорғау үшін ынтымақтастыққа шақырды

БЕЙЖІҢ. 14 сәуір. Қытай Трамп ұйымдастырып отырған сауда соғысында оған қарсы тұру үшін Еуроодаққа ынтымақтаса жұмыс жасауды ұсынды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

ҚХР төрағасы Щи Жиңпиң халықаралық сауда ортасын қорғау және бір жақты болып жатқан қорқыту әрекетіне қарсы тұра алу үшін Қытай мен Еуроодақ бірлесе жұмыс жасауы керек екенін айтты. Ол Бейжіңде Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездесуі кезінде осылай деді. Жөңге лидерінің айтуынша, сауда соғысында жеңімпаздың болуы мүмкін емес.

«Біз қашанда келіссөздер жүргізуді және қазіргі сауда дағдарысы сияқты қиындықты бейбіт жолмен шешуді жақтадық», – деді Испания премьер-министрі кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне. Ол әлемге Қытайға да, АҚШ-қа да қажет дегенді қосты. Сонымен бірге, Испания мен Еуропаның Бейжіңмен арадағы үлкен сауда тапшылығы әлі де бар және оны «түзету» қажет деп атап өтті.

«Еуропа одағы ЕО мен АҚШ арасындағы келіссөздерге уақыт пен кеңістік беру үшін АҚШ-тың негізсіз сауда тарифтеріне жауап ретінде қабылданған шараларды тоқтатты», делінген Еурокомиссияның, 14 сәуір, дүйсенбі күнгі баспасөз хабарламасында.

Өткен аптада Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен жариялаған ЕО-ның жауап шараларын қабылдау алдындағы үзілісі 15 сәуірде күшіне енетіні көрсетілген.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button