Лондон Украинаға қару-жарақ алу сатып алу үшін көп қаржы берді

ЛОНДОН. 15 сәуір. Ұлыбритания G7 бағдарламасы бойынша Киевке 752 миллион фунт стерлинг қару-жарақ кредитін аударды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Төлем ресейлік активтерден түсетін кіріс есебінен жүзеге асырылады.
Ұлыбритания G7 Украина үшін төтенше кірістерді жеделдету несиелері (ERA) бағдарламасы аясында Украинаға 752 миллион фунт стерлинг (875 миллион еуро) екінші төлем жасады. Оның хабарламасы Ұлыбритания үкіметінің сайтында 14 сәуір күні жарияланды.
Төлем 2,26 миллиард фунт стерлинг көлеміндегі (2,63 миллиард еуро) үлкен несиенің бір бөлігі болып табылады, ол Ресейдің Еуроодақ елдеріндегі тыйым салынған мемлекеттік активтерінен алынатын жоспардан тыс кірістің есебінен өтеледі. Тиісті келісімге 1 наурызда Ұлыбританияның қазынашылық канцлері Рэйчел Ривз мен Украинаның қаржы министрі Сергий Марченко қол қойды.
«Бұл қаржы Украинаға аса маңызды әскери техника, соның ішінде шұғыл қажетті әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын алуға көмектеседі. Ол Ресейдің Украинаға қарсы әуе шабуылын жалғастырып, Сумы қаласын нысанаға алуына байланысты беріліп отыр», – делінген британ үкіметінің 14 сәуірдегі баспасөз мәлімдемесінде.
Лондонда атап өтілгендей, бөлінген ақшаға сатып алынатын жабдықты қолдау мен жөндеуге арналған қаражат негізінен Ұлыбританияда жұмсалады және бұл өз кезегінде ел экономикасының өсуіне және білікті жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етеді.
«Күшті Украина Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігі үшін өте маңызды және қаржыландырудың бұл екінші траншы оның ұжымдық қауіпсіздігімізге үлес қосу үшін барынша күшті жағдайға жетуіне көмектеседі», – деді қазынашылық хатшысы Рэйчел Ривз.
G7-нің Украинаға арналған төтенше жағдайдағы кірістерді жеделдету несиесі схемасы аясында G7 елдері Украинаны қолдау үшін жалпы сомасы 50 миллиард долларды бірлесіп бөлуге ниетті.
£ 2,26 миллиард Ұлыбритания қарызы үш траншқа бөлініп беріледі. Олардың біріншісін Украина 6 наурызда қабылдады, соңғысы 2026 жылы Киевке жөнелтіледі деп күтілуде.