Уханьдықтар карантиннен кейін көшеге шығуға қорқады
БЕЙЖІҢ. 28 наурыз. Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары карантин алынып тасталғаннан кейін де көшеге шығуға қорқатындарын жеткізіп жатыр. Бұл туралы француздың Le Figaro газеті хабарлады.
Коронавирустың «отаны» – Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары үшін сәуірдің 8-нен бастап карантин алынып тасталмақшы. Осылайша екі айдан артық үй қамақта отырған 11 млн адам қайтадан бостандыққа шығады. Алайда, олар бұрынғысынша эпидемияға ұрынып қалудан қорқады, биліктің мәліметтеріне сенбейді.
Газеттің жазуынша, жергілікті бір студент ақпанның ортасынан бастап қала тұрғындарының тіпті азық-түлік алу үшін де далаға шығуларына рұқсат етілмеген, жұрт керегін вестибюльше шығып, әкелініп тұрған тамақтарды алып кетіп тұруға мәжбүр болған.
Басылым көптеген тұрғындар сырттан және елдің басқа өңірлерінен келетіндердің салдарынан індеттің қайта айналып соғуы ықтималдығынан қорқатынын жазады.
Қытай билігі сондай-ақ «анда-санда кездесетін қауіп пен аурдың бір жерде қайта бұрқ ете қалу жағдайы» мүмкін екенін мойындап отыр.