Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Армения парламенті елдің Еуропа одағына кіруіне қолдау білдірді

ЕРЕВАН. 12 ақпан. Хайастан парламенті елдің Еуропа одағына кіруді бастауы туралы заң жобасын мақұлады. Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Парламент кеше «Арменияның Еуропа одағына қосылу процесінің басталуы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Жобаны 63 адам қолдап дауыс берді, 7 адам қарсы шықты, қалыс қалғандар болған жоқ.
Заң жобасын бастаманы көтерушілердің бірі – бұрынғы әділет министрі, «Республика» партиясының саяси кеңес мүшесі Артак Зейналян мұның алдында жұртты мәтінмен таныстырған болатын.
Бастаманы қолдаушылар 60 мың қол жинап үлгерді. Заң бойынша қол қоюшылар саны 50 мыңға жеткеннен кейін мұндай ұсыныстар парламент талқылауына түседі.