17 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аса көрнекті академик дәрігер Камал Ормантаев дүниеден озды

12 Ақпан 2025 11:55
- Жаңалықтар, Таным
Аса көрнекті академик дәрігер Камал Ормантаев дүниеден озды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 12 ақпан. Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Ормантаев 88 жасында дүние салды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Қаралы хабарды әлеуметке С. Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі жеткізді.

Қазақстан медицина саласы ауыр қайғыға ұшырады. Республика балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясы мен анестезиологиясының негізін қалаушы аса көрнекті ғалым 7 жыл бойы комада жатып, өзінің ақтық сапарына аттанды.

Ол – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Камал Сәруарұлы Ормантаев 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1961 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. Сол жылы осы жоғары оқу орнында балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті болып еңбек жолын бастайды.

1971 жылы КСРО МҒА Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында докторантура бітіріп, докторлық диссертацияны қорғайды, осыған орай оған профессор атағы беріледі.

Камал Ормантаев 1968-2012 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік институтында балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Осы 43 жылдың ішінде ұлағатты ұстаздың қолынан 1500-нан астам балалар дәрігері ұшырылып, денсаулық сақшылары қатарына қосылды. Түлектердің көбі облысаралық балалар хирургиясы бойынша ұлттық орталықтардың жетекшілері, кафедра меңгерушілері болды.

Академик Камал Ормантаев жоғары білікті мамандар даярлауда хирургтардың кәсіби жағынан жан-жақты болып қалыптасуына, ғылымның дамуына және оның халықаралық деңгейге көтерілуіне үлкен көңіл бөлді.

Жоғары білікті балалар хирургінің өзі көкірек қуысы, өкпе, өңеш, құрсақ қуысы, бас сүйек пен бүйрек секілді ағзаларға 24 000-ға жуық күрделі ота жасады.

Камал Ормантаев – 320-дан аса ғылыми еңбектің, балалар хирургиясы бойынша кеңестік нұсқаулардағы 9 тараудың және 9 монографияның авторы.

Ол II дәрежелі «Достық», III дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Осылайша Қазақстан медицинасы мен медициналық білім беру саласына ұшан-теңіз үлес қосқан атақты академик арамыздан кетіп бара жатыр.

Біз осы қазаға байланысты марқұмның отбасына, жұбайы Роза Ормантайға, балалары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Алла алдыңыздан жарылқасын, Камал аға! Нұрыңыз пейіштің төрінде шалқысын.

* * *

Академик Камал Ормантаевтың  рухына арналған қонақасы 12 ақпан күні сағат 18:00-де өтеді. Мәнзілі: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 167. Қабылдау үйі.

Қоштасу рәсімі 13 ақпан күні сағат 10:00-да болады.  Мәнзілі: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151. Қазақ ұлттық медицина университетінің «Конкордия» театры.

Еске алу асы 13 ақпанда сағат 13:00-де «Ритц Палас» мейрамханасында өтеді. Мәнзілі: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 1.

Таңбалар: академикКамал Ормантаевқаза

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist