Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Зеленський Киевке АҚШ делегациясын шақырғанын баяндады

КИЕВ. 3 сәуір. Украина президенті Володимир Зеленський Киевке АҚШ делегациясын шақырып отырғанын жария етті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина президентінің айтуынша, ол АҚШ делегациясын Киевке Ресей Федерациясымен бейбітшілік туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырған. «Америкалық топ бізге келеді, содан кейін Мәскеуге бара алады» дегенді қосты ол бұған.

Володимир Зеленський Украинадағы соғыстың аяқталу шарттары жөніндегі Ресейдің қатысуымен өтіп жүрген үш жақты келіссөздерді қайта бастау мақсатында АҚШ делегациясын Киевке шақырып отыр. Мұның жайын AFP агенттігі мен «Европейская правда» онлайн-басылымы 3 сәуір, жұма күні жазды.

«Мен Америка келіссөздер делегациясын Киевке шақырдым. Делегация қазіргі жағдайда – Иранмен соғыс кезінде (АҚШ пен Израиль. – ред.) Киевке келу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұл техникалық топтар деңгейіндегі үш жақты кездесудің балама нұсқасы болмақ. Америка тобы әуелі бізге келеді, сосын Мәскеуге бара алады», – деді Украина мемлекеті басшысының журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Reuters агенттігі нақтылағандай, Зеленський Ресей Федерациясымен бейбіт келіссөздерді қайта бастау үшін америкалықтарға осы аптаның басында онлайн-режимінде байланысқа шықты. Жауап ретінде жіберілген хабарламада ол бұған «оң сигнал» алды.

Өз тарапынан «Интерфакс-Украина» агенттігі Украина АҚШ-қа Пасха кезінде атысты тоқтату туралы өтініш жібергенін еске салады. Алайда АҚШ тарапы бұл ұсынысты Мәскеуге өткізе алама, жоқ па, ол жағы белгісіз», деп жазады мәтбұғат.

«Біз олардың жауабын БАҚ-та көрдік: олар (орыстар. – ред.) бұған дайын емес. Мұның қаншалықты маңызды жауап екенін білмеймін. Америка тарапына да біз өз өтінішімізді жібердік. Олардың хабарламаны орыстарға жеткізуге мүмкіндігі бар-жоғын білмеймін. Көрейік. Біздің Пасха мерекесінде атысты тоқтату туралы ұсынысымыз өз күшінде қалады», – деп, агенттік Зеленськийдің 2 сәуірде баспасөзде сөйлеген сөзін келтіреді.

Журналистермен сол кездесу барысында Зеленський Украина мен Ұлыбритания барлау мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, қазір Киевтің соңғы 10 ай ішінде майдандағы ең жақсы жағдайды бастан кешіп отырғанын айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button