Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

19 мүгедекті өлтірген жапон өлімге кесілді

ТОКИО. 20 наурыз. Жапонияның Сагамихара қаласындағы ақыл-естері шектеулі адамдарға арналған мекемедегі 19 тұрғылықты тұрғынды өлтіргені үшін Сатос Уэмацу өлім жазасына кесілді. Бұл туралы The Japan Times газеті хабарлады.

Басылым 30 жастағы сотталушы азаматтың жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылатынын атап көрсетеді. Адвокаттары сотталушының ақыл-есі кеміс екенін қанша дәлелдеуге тырысқандарымен, сот оның мұны алдын ала ойластырып істегенін, ақыл-есі түзу екенін айғақтап, бөтен уәждерді қаперге алмады.

«Ол (мүгедектерді) айрықша бір қатыгездікпен өлтірген», – деген қорытынды жасады судья. Ал айыпталушының өзі сот отырысы кезінде өзін барынша салқынқанды ұстаған.

Ақпан айында өткен со тыңдауында Уэмацу өзінің мүгедектерді адам қатарына қоспайтынын баяндаған. Оның айтуынша, бұл оларды «азаптан құтқару үшін» өлтірген.

Жапон жігіті 2016 жылғы 26 шілде күні түнде Токионың сыртындағы мүгедектерге арналған интернатта өзінің қанды қырғынын жасаған. Соның салдарынан 19 адам қаза тапқан.

Осыдан кейін ол өзінің Twitter-дегі парақшасына жұрттың бәріне бейбіт өмір тілеген сөздерін жазған. Артынан Уэмацу құқық қорғау органдарына өзі келіп берілген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button