ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Наконец-то…» Бекшин де қызметінен кетті

АСТАНА. 20 наурыз. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атанып келген Жандарбек Бекшин де қызметінен кетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бірақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қала береді. Қазіргі таңда жұмыс бабымен Алматыда жүр. Оның орнына департамент директоры Есмағамбетов Айжан Серікбайқызы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды», – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Әр жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әртүрлі жұмыстар істеген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button