Черчесов құраманың Норвегиямен ойынға шығатын құрамын белгіледі
АЛМАТЫ. 28 тамыз. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов қыркүйекте Норвегия және Словения құрамаларымен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларды атады. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов қыркүйек айында Ұлттар лигасының іріктеу кезеңі шеңберінде Норвегия және Словения құрамаларымен өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
Тізімге 28 футболшы енді. Олардың арасында ұлттық құраманың жақында жарақат алған белді шабуылшысы Максим Самородов жоқ. Ол тек резевшілер құрамына енгізілді.
Ұлттық құрама 1 қыркүйекте Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талғат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобол»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»);
Резервтік құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Зуев («Тобыл»), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»).
Жаттықтырушылар штабы:
Станислав Черчесов – бас жаттықтырушы,
Владимир Панников – бас жаттықтырушының көмекшісі,
Паулино Гранеро – дене күші дайындығы жаттықтырушысы,
Гинтарас Стауче – қақпашылар жаттықтырушысы,
Эльшад Хинизов – видеооператор.
Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словениямен кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.