Украина әскерлері HIMARS-пен жауды техникаларымен қоса жойып жіберді
КИЕВ. 24 маусым. Украина Қарулы күштері Запорожье облысында HIMARS РСЗО М142 ракетасымен Ресей солдаттарын тым-тырақай қашуға мәжбүр етті. Бұл туралы «Украина 365» телеграм-арнасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
24 маусым күні Украина әскерлерінің кезекті мәрте HIMARS РСЗО М142 қондырғысымен дәл соққы беріп, оккупанттарды техникаларымен бірге жойып жібергені белгілі болды.
Аэробарлаушылар Shark дрондарының көмегімен Запорожье облысының Бурчак селосы маңына Ресей әскерлерінің адам күші мен техникалары көп көлемде шоғырланып жатқанын зерттеп анықтады.
«Украина 365» телеграм-арнасында жарияланған видеода Украина Қарулы күштерінің жау солдаттары мінген микравтобус пен қымтаулы техникалар салынған жүк көліктері мен автомобильдің бір нүктенің маңына шоғырланғанын күтіп тұрғаны көрініп тұр. Содан кейін алапқа M30A1 кассеталы ракетасын қарша боратты.
Жазбадан кассеталы оқ-дәріден шыққан 180 мың шағын шарлар өте кең аумақтың астаң-кестеңін шығарғанын көруге болады. Тірі қалған Ресей солдаттары көліктері мен техникаларын тастай қашты. Бірақ бұдан кейін оккупанттардың қайтара берілген соққылардан аман қалған-қалмағаны әзірге белгісіз.