Қазақстан банктері Ресейден Қытайға жіберілетін төлемдерді ұстап қалуда
АСТАНА. 30 мамыр. Қазақстан банктері Ресейден Қытайға жіберілетін төлемдерді бұғаттап тастауды бастады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей бизнесі Қытаймен және Қытай тауарларының импортымен есептесу үшін транзиттік «хаб» ретінде пайдаланып келген Қазақстан жаңа қайшылықтарға тап келді», – делінген хабарламада.
The Moscow Times ресурсының жазуынша, Қазақстанның бірнеше банкі РФ-дан ҚХР-ға ақша аударып тұруды тоқтатқан. Банктер бұған себеп ретінде Қытайдың аса ірі Bank of China банкісінің соң,ы уақыттары санкцияланған өнім түрі ретінде Қазақстан төлемдерін ұдайы кері қайтарып жіберіп жатқанын атаған.
Мұның бәрі АҚШ президенті Джо Байден биылғы көктемде Америка қаржы министрлігінің уәкілеттілігін кеңейтіп бергеннен кейін басталды. Қазір АҚШ банкі әлемнің Ресей әскери-өнеркәсіп комиссиясымен сауда-саттық жүргізген кез келген еліне қарсы екінші кезектегі санкцияларды енгізе алады.
Сондықтан әлемдік доллар жүйесінен шығып қалу қаупінен сақтанған Түркия, БАӘ және Қытай банктері Ресей компанияларының шоттарын бұғаттай бастады. РФ президенті Владимир Путиннің барлық басты шенеуніктерін жанына алып, Қытайға барып қайтқан жақындағы сапары да мәселені оңынан шешіп бере қоймады. Керісінше қайта ахуал бұрынғыдан бетер нашарлай түскен сияқты.