Байден Украинаның Ресей аумағындағы ұшақтарды атуына келісті
УАШИНГТОН. 30 мамыр. АҚШ Украинаға Ресейдің әскери ұшақтары мен зымырандарын РФ аумағында атып түсіруге рұқсат берді. Бұл туралы The Washington Post ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Газет мәліметіне қарағанда, енді Украина Қарулы күштерінің Ресей территориясында РФ ракеталарын немесе әскери ұшақтарын Америка әуе қорғанысы құралдарымен атып түсіруіне «ешқандай шектеу қойылмайды». Бұған тек «егер олар сол сәтте Украина үшін қауіп төндіріп тұрған болса» деген анықтама қосылды.
Мәтбұғат сонымен бірге Уашингтондағылардың жақында украин әскерлерінің Ресейдегі радио локациялық станцияларға соққы бергендеріне алаңдап қалғандарын қоса білдірді. Осылайша Украина тарапынан Ресейдің ракетаға қарсы стратешиялық қорғаныс нысандарына бірінші рет шабуыл жасалды.
Ақ үйдегілер мұндай шабуылдар «жағдайды одан бетер ушықтырып жіберуге» жол береді деп есептейді.
Сонымен бірге Данияның осы мезетте Украинаға өзі жіберген F-16 истребительдерін Ресейдің ішкі әскери нысандарына соққы беруге рұқсат еткені белгілі болды.