Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Сенсация! Футболдан Өзбекстан құрамасы Олимпиадаға жолдама алды

ҚАТАР. 30 сәуір. Футболдан Өзбекстанның жастар құрамасы (U23) биылғы жазда Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға қатысу құқығына қол жеткізді. Бұл туралы kun.uz ақпаратына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Футболдан Өзбекстан құрамасы Өзбекстанның олимпиялық қозғалысы тарихындағы жаңа беттерді ашты», – деп жазды өзбек паблигі.

Бауырлас елдің бағлан баһадурлары мұндай биік табысқа қазіргі күндері Қатарда өтіп жатқан Азия Кубогының кеше түнде ойналған жартылай финалында Индонезия құрамасын 2:0 есебімен ұту арқылы жетті. Осылайша футболдан Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып Олимпиадаға қатысу лицензиясын еншіледі.

Қатардағы Абдулла бин Нассери бин Халифа атындағы стадионда ойналған матч өзбек футболшыларының айқын басымдығымен өтті. Дегенмен, индонезиялықтар кездесудің өне бойына дерлік өте сауатты қорғанып, мүмкін болған кездің бәрінде қарсы шабуылға шығып тұрды. Сондығынан болар, бірінші таймда бірде-бір гол соғылмай, қарсыластар тең тарқасты.

Ал екінші таймның басында Индонезия құрамасы тіпті күтпеген жерден есеп ашып кетті. Алайда VAR жүйесіне сүйенген алаңдағы арбитр индонезиялық шабуылшы тарапынан аздаған офсайд жағдайы орын алғанын анықтап, сол бойда голды санамай тастады.

Мұның есесіне, 68-минутта өзбек Хусаин Норчаевтың жолы болды. Ол  әріптесі Муҳаммадқодир Ҳамралиевтің қапталдан берген добын қарсыластар дарвозобонының сол жақ бұрышына дәл көздеп түсірді.

Өзбекстан терме жамағаты бұдан кейін шабуылды үдетті. Сондай жойқын жорықтардың бірінде индонезиялықтардың қорғаушысы Ризқи Ридҳо Рамадани дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Арада екі минут өткенде, 86-минутта қақпа алдындағы қарбалас сәтте қателесіп кеткен Пратама Архан өз қақпасына доп соғып алып, есепті 2:0-ге жеткізді,

Осы есеп матч соңына дейін сақталды.

Сөйтіп, турнирдің финалына шыққан Өзбекстан құрамасы өз елінің тәуелсіздік жылдардағы тарихында бірінші рет олимпиялық лизенцияға қол жеткізді.

Енді бош мурабий Темур Кападзенің жігіттері келесі жартылай финалдық жұпта бүгін күш сынасатын Ирак – Жапония құрамаларының қай жеңгенімен 3 мамыр күні финалда кездеседі.

Біз Өзбекстан футболшыларын осынау  зор табыстарымен құттықтаймыз!

Биз Ўзбекистон футболчиларини ушбу буюк муваффақият билан табриклаймиз!

 

Хабардың түпнұсқасы мынадай:

Осиё кубоги U23. Ўзбекистон Индонезияни мағлуб этиб, ўз тарихида илк марта Олимпиадага йўлланма олди

Қатарда ўтаётган Осиё кубоги U23 яримфинали доирасида Ўзбекистон олимпия жамоаси Индонезияни мағлуб этиб, финалга чиқиш билан бирга ўз тарихида илк бор Олимпиадага йўлланма олди. Темур Кападзе шогирдлари Парижда ўтадиган ҳар тўрт йилликнинг энг йирик спорт мусобақасида иштирок этишади. Вакилларимиз финалда 3 май куни Ироқ – Япония ўйини ғолибига қарши саф тортади.

Доҳада ўтган яримфинал баҳсининг биринчи бўлимида вакилларимиз қатор имкониятларга эга бўлишса-да, ҳисоб очилмади. Иккинчи бўлимда Жасурбек Жалолиддинов ва Ҳусайн Норчаев захирадан майдонга туширилгач, ҳужумкорлик ошди.

63-дақиқада индонезияликлар ҳисобни очган бўлса-да, VAR текширувидан кейин бош ҳакам ўйиндан ташқари ҳолатни қайд этиб, голни бекор қилди.

68-дақиқада эса Муҳаммадқодир Ҳамралиевнинг узатмасини Норчаев голга айлантириб, ҳисобни очди – 1:0.

84-дақиқада индонезияликлар сардори Ризқи Ридҳо Жасурбек Жалолиддиновга нисбатан ўта қўпол ҳаракат қилгани учун майдондан четлатилди.

Орадан икки дақиқа ўтиб, Абдуқодир Ҳусановнинг бош билан йўллаган зарбасини рақиб ҳимоячиси Арҳан ўз дарвозасига киритиб қўйди – 2:0.

Шу тариқа, Ўзбекистон олимпия жамоаси ўзбек футболида тарих яратди ва Париж-2024 Олимпиадаси йўлланмасини қўлга киритди. Кападзе шогирдлари 3 май куни финалда Ироқ – Япония баҳси ғолибига қарши майдонга тушади.

Осиё кубоги U-23. Яримфинал

29 апрел (душанба)

Ўзбекистон — Индонезия 2:0

Голлар: Ҳусайн Норчаев 68, Арҳан 86 автогол.

Ўзбекистон: 1. Абдувоҳид Неъматов, 3. Зафармурод Абдураҳматов, 4. Абдуқодир Ҳусанов, 7. Ҳожимат Эркинов (10. Жасурбек Жалолиддинов, 46), 9. Улуғбек Ҳошимов (19. Ҳусайн Норчаев, 46), 14. Аббосбек Файзуллаев (6. Иброҳимҳалил Йўлдошев, 90), 15. Умарали Раҳмоналиев, 16. Асадбек Раҳимжонов (5. Муҳаммадқодир Ҳамралиев, 66), 18. Алибек Давронов, 22. Алишер Одилов (20.Русланбек Жиянов, 71), 23. Абдурауф Бўриев.

Индонезия: 12. Прамата Арнан, 3. Муҳаммад Ферарри, 5. Ризқи Ридҳо Рамадани, 6. Ивар Женнер, 7.Марселино Фердинан, 8.Витан Сулаймон, 9.Рамадан Сананта, 10..Жастин Хабнер, 14.Муҳаммад Фажар Фатхур, 21.Эрнандо Ари Суратайри, 23.Натан Тжое.

Четлатиш: Ризқи Ридҳо, 84 (Индонезия).

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button