Мирзиёев Өзбекстан футболшыларын жеңістерімен шын жүректен құттықтады
ТАШКЕНТ. 30 сәуір. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Париж Олимпиадасы лицензиясын жеңіп алған ел жастар құрамасына (U23) құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы kun.uz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өзбекстан лидері терме жамағат футболшыларын Азия Кубогының финалына шығуымен және Париждегі Олимпиялық ойындарға жолдама жеңіп алуымен қоса құттықтады.
Құттықтау мәтінінде былай делінген:
«Футболдан Өзбекстан жастар құрамасына
30.04.2024
Қымбатты балаларым!
Сіздерді бұл күндері Қатарда өтіп жатқан футболдан жастар арасындағы Азия Кубогының финалына шығуларыңызбен және биыл жазда Париждегі өткізілетін Олимпиялық ойындарға жолдама жеңіп алуларыңызбен шынайы, шын жүректен құттықтаймын.
Еліміздің спорт жанкүйерлері, біздің көп ұлтты барша халқымыз Өзбекстан футболының тарихында бірінші рет қол жеткізген керемет жеңістеріңізді зор қуанышпен және мақтаныш сезімімен қарсы алды. Бұл біздің көптен бергі аңсаулы арманымыз еді.
Сіздер өздеріңіздің, Жаңа Өзбекстан жастарының арқасында бұл арманның жүзеге асқанын мақтан тұтуға құқылысыздар. Бұл тарихи жеңістің негізінде, сөз жоқ, біздің елімізде спорттың, соның ішінде футболдың дамуына аударылған үлкен ықылас, салада жүргізіліп жүрген кең ауқымды нақты жұмыстар жатыр.
Біздің мақсаткер һәм жігерлі жас спортшыларымыз тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалды, әрбір матч сайын нағыз шеберліктің, ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсетіп, күмәнсіз үлкен ризашылыққа бөленді.
Азияның ең мықты командаларымен бітіспес тартысқа түскен біздің құрама барлық 5 матч бойына өз қақпаларын сенімді қорғап қана қоя салған жоқ, сонымен бірге қарсыластарына 14 доп салып, футбол тарихымызда болмаған нәтижеге қол жеткізді.
Мен осы жеңіспен жігерленген сіздердің Азияның чемпионы атағын жеңіп алу үшін финалдық матчты лайықты өткізетіндеріңізге сенімдімін.
Орайы келіп жатқанын пайдаланып, сіздің бәріңізге, ата-аналарыңызға, ұстаздарыңыз бен жаттықтырушыларыңызға терең алғыс сезімін білдіргім келеді.
Бүкіл Өзбекстан халқы сіздерге бақыт және керемет жеңістер тілейді, қымбатты балаларым!
Шавкат Мирзиёев,
Өзбекстан Республикасының Президенті».
«Футбол бўйича Ўзбекистон ёшлар терма жамоасига
30.04.2024
Азиз фарзандларим!
Шу кунларда Қатар давлатида футбол бўйича ёшлар ўртасида бўлиб ўтаётган Осиё кубогида муваффақиятли иштирок этиб, бирйўла финал йўлланмаси ҳамда шу йил ёзда Парижда ўтказиладиган Олимпия ўйинлари йўлланмасини қўлга киритганингиз билан чин қалбимдан самимий муборакбод этаман.
Жонажон Ўзбекистонимизнинг футбол тарихида биринчи марта эришилган бундай ёрқин ғалабани, ҳеч шубҳасиз, мамлакатимиздаги барча спорт мухлислари, кўпмиллатли бутун халқимиз чексиз қувонч ва ғурур билан кутиб олди. Зеро, бу эл-юртимизнинг неча йиллик буюк орзуси эди.
Бу орзуни амалга ошириш айнан сизларга – Янги Ўзбекистоннинг навқирон фарзандларига насиб этгани билан ҳар қанча фахрлансангиз, арзийди.
Албатта, сизлар эришган бу тарихий ғалаба замирида кейинги йилларда мамлакатимизда спорт соҳасини, жумладан, футболни ривожлантиришга берилаётган улкан эътибор ва амалга оширилаётган кенг кўламли амалий ишлар мужассам, десак, айни ҳақиқатни айтган бўламиз.
Шу билан бирга, сиздек азму шижоатли ёшларимизнинг тажрибали мураббий ва мутахассислар раҳбарлигида мазкур мусобақага пухта тайёргарлик кўриб, ҳар бир ўйинда чинакам маҳорат, жасорат ва матонат намунасини кўрсатганингиз албатта юксак таҳсинга муносибдир.
Осиё қитъасидаги энг кучли жамоалар билан қизғин курашлар остида бўлиб ўтган 5 та ўйинда ҳам жамоамиз дарвозасини дахлсиз сақлаб, рақиблар дарвозасига 14 та жавобсиз тўп киритганингиз ҳам футболимиз тарихида мисли кўрилмаган натижадир.
Ишончим комилки, сизлар бу ютуқдан янада руҳланиб, финал беллашувида «Осиё чемпиони» деган шарафли ном учун муносиб кураш олиб борасиз.
Фурсатдан фойдаланиб, барчангизга, сизларнинг меҳрибон ота-оналарингиз, устоз-мураббийларингизга ҳам чин қалбимдан миннатдорчилик билдираман.
Бутун Ўзбекистон халқи сизларга ҳамиша бахт ва омадлар, порлоқ ғалабалар тилайди, азиз болаларим!
Шавкат Мирзиёев,
Ўзбекистон Республикаси Президенти»