Ресейлік паблик жексенбі күні Путинге кімдерден қауіп төнгенін жазды
МӘСКЕУ. 26 наурыз. Ресей диктаторы Владимир Путиннің өміріне өткен жексенбі күні қауіп төнетіндей жағдай орын алған. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
24 наурыз жексенбіде Ресей президенті Владимир Путин Құтқарушы Христ храмына бармақшы болып жиналып жатқанында, оны күзетшісі тоқтатады. Ол узурпаторға онда барудың оның өміріне қауіп төндіргелі тұрғанын айтып сендіріп, алған бетінен қайтуға көндіреді.
Ресурс мұны федералды күзет қызметіндегі мәнбесіне сілтеме жасай отырып жазады.
«Владимир Владимировичті өлтіруі мүмкін деген дабылдар болды. Сондықтан біз президенттің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, оны іс жүзінде Ново-Огаревоға «жауып тастадық». Ол сол жерде шырағдан жақты. Мұнда тұрған ештеңе жоқ» – деді мәнбе.
Федералды күзет қызметінің қызметкері сондай-ақ «Крокус Сити Холлда» теракт болуы мүмкін екенін трагедиядан үш күн бұрын федералды күзет қызметінің өз кезегінде федералды қауіпсіздік қызметіне баяндағанын растады. Ол соған қарамастан ешқандай қауіпсіздік шараларының жасалмағанына таң қалды.
Телеграмма-каналдың сұхбаттасушысы Путиннің күзеті күшейтілгені туралы деректерді де мойындады, сондықтан Кремль басшысы «Крокустегі» террорлық шабуылға қатысты кеңесті онлайн режимінде өткізген. Сонымен бірге, ФКҚ қызметкері Путиннің өлімін кімнің қалауы мүмкін екені жайындағы сұраққа жауап бермеді.
Мұны ресурс: «Кремльдегі біздің мәнбе қазір президентке көптеген жаулар қауіп төндіреді деп санайды. Олардың ішіндегі ең қауіптілері – елде бүлік шығарғысы келетін ішкі бұзушылар және радикалды исламистер», – деп қорытындылайды.