Соловей: Путин тоңазытқышта тығылып отыр (видео)
Ол қазір Ресейді кімдердің билеп отырғанын туралы айтты
Саясаттанушы Валерий Соловей Ресейді қазіргі күндері Николай Патрушев бастаған 20-ға жуық адамның басқарып отырғанын мәлімдеді.
Алексей Навальный өлтірілгеннен кейін Ресейдің саяси шыңында қатты қақтығыстар басталып кетті. Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залында орын алған соңғы террорлық шабуыл Кремльдегі сол алауыздық пен текетірестің салдары болуы әбден мүмкін .
Ресейлік саясаттанушы, «иноагент» Валерий Соловей өзінің Александр Демченкоға берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Ал сұхбатты YouTube-тегі «В гостях у Гордона» арнасынан көруге болады.
«Бульдогтар кілемнің бетіне әлі шыққан жоқ. Олар сонда жатып бір-бірімен қажасады, сондықтан кейде біз кілемнің бетінен әлдеқандай бір дақтарды көріп қаламыз, бірақ бұл буылтық ерте ме, кеш пе, сыртқа ақыры шығады», – деп атап өтті аналитик.
Соловейдің айтуынша, қазір Ресейді шамамен 20 адам басқарып отыр. Олар «саяси бюро» деген элиталы топты құрайды. Өткен жылдың қараша айының соңында бұлар позицияларды өзара бөлісуге келісіп алған болатын, бірақ бұдан екі апта бұрын, Навальный өлтіргеннен кейін олардың арасы айтарлықтай шиеленісіп кетті.
«Қазір Ресейде әлем көзіне көрінбейтін өте бір қарқынды астыртын күрес жүріп жатыр. Мен елде үлкен саяси дағдарыс болады деп ойлаймын. Ол өзінің зардабы жағынан 91-ші жылдың соңы мен 92-ші жылдың басындағы дағдарыспен бірдей болады, тіпті одан да асып түсуі мүмкін», – деген болжам білдірді саясаттанушы.
Ресей Федерациясының бүгінгі таңдағы жоғарғы билеушісі – Патрушевтердің үлкені, яғни әкесі. Ол көп кешікпей елдегі билікті заңдастырып алғысы келеді, сондықтан осы жылғы нақты жоспарын да жасап алды: соған орай алдымен ұлын премьер-министр етіп тағайындатып алмақ, содан кейін Путинді доғарысқа жіберткізіп, оның орнына баласын әкелдірмек. Былайынша, барлығы алдын-ала шешіліп қойылған сияқты болып көрінуші еді, бірақ кенеттен басталып кеткен ішкі текетірес Патрушев жоспарының орындалуына үлкен қауіп төндірді, деді саясаттанушы.
Сонымен қатар, Соловей Путиннің әлі де тоңазытқышта екенін, біздің оның орнында жүрген тұрпаттасы Евгений Васильевичтің елді басқара алмай отырғанын, тек сөйлейтін қуыршақ рөлін атқаратын дублін көретінімізді мәлімдеді.
«Бұл Беларусьтен келген ағаш ұстасы, ол Путин сияқты сөйлеуге және оның әдеттеріне еліктеуге тырысады, бірақ ол өте нашар жұмыс істейді, – деп атап өтті Соловей. – Марқұм өмірінде ешқашан біреуге жақындап, құшақтасып, қолын қыспаған болар еді. Бұлардың мінез-құлықтары мен дауыстарында айтарлықтай айырмашылық бар. Сонымен қатар, тұрпаттас 8-10 жас кіші болғандықтан, әл-дірмәні жағынан әлдеқайда күшті көрінеді. Ол сондай-ақ түпнұсқаға қарағанда биік. Бұл да байқалады».
Еске сала кетейік, Валерий Соловей бұдан бұрын ресейліктерді 2024 жылы ауыр сынақтар күтіп тұрғанын айтып, жұртқа ескерткен еді. «Біз бәрінің шегіне дейін жеттік», – деген еді ол сонда.
Одан бұрынырақта Валерий Соловей Кремльдің 2024 жылдың жазына арналған жоспарын паш етіп, «Бұлар мұны жүзеге асыруға оншалықты көп уақыт кетпейді деп есептеп отыр», – деп кекетіп те қойған еді.