Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановты ұстады
АЛМАТЫ. 2 ақпан. Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты жебірлі жемқорлық күдігімен қамап тастады. Бұл туралы Dalanews.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрінің ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Ол оңтүстік мегаполисте тұтқынға алынды.
Күдікті қазіргі таңда Алматы қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышында отыр.
Тергеу жалғасуда.
Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов бұған дейін көптеген жауапты лауазымды қызметтер атқарған. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары кеден басқармасының бастығы (1998-2002), Алматы қаласы кедендік бақылау департаментінің бастығы (2002-2006), Астана қаласы Алматы ауданының әкімі (2006-2007), Астана қаласы әкімінің орынбасары (2007-2013), ҚР Спорт істері және денешынықтыру агенттігінің төрағасы (2013), Қазақстан Фубол федерациясының президенті (2014-2016), «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының бас директоры (2015-2016), Премьер-министрдің кеңесшісі (2016-2017, 2021-2022), ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі (2017-2019, 2021), Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2019-2021) болды.