5 Қыркүйек, 16:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еліміздің сыртқы саудадағы табысы шетелде қазақ тілін дамытуға үлес қосуда

2 Наурыз 2024 15:26
- Дәулет, Жаңалықтар
Еліміздің сыртқы саудадағы табысы шетелде қазақ тілін дамытуға үлес қосуда
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 наурыз. Өткен жылы 136 млрд долларлық рекордқа жеткен Қазақстанның сыртқы сауда қызметі шетелде қазақ тілінің дамуына да үлес қосып отыр. Бұл туралы informburo.kz ақпарына сүйенген rast,kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына жолдауында әлемде геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өскенін айтты. Дәлірек былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт.

«Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз. Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстандықтарға Қытай және Түркиямен тікелей жұмыс жасауға көмектесетін Janapost логистика компаниясының басшысы Сержан Тоқай сыртқы сауда-саттық көлемін арттыру халықтың әл-ауқатын көтеріп қана қоймай, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне жол ашқанын айтады. Қазақстандықтар аталған компания арқылы 2023 жылы 9 айда 11 млрд теңгеге сауда-саттық жасаған.

«Әр айда қазақстандықтар бір миллиардтан астам сомаға сауда-саттық жасап отырды. Бұл 7 жылдық еңбектің нәтижесі. Әріптестермен бірге жүргізген көптеген жұмыстың нәтижесінде B2C логистикалық компаниялар ішінде бірінші орынға шықтық. Қазір шамамен 700 мың клиентімізге қызмет көрсетіп отырмыз. Мен Қытаймен сыртқы сауда-саттықты дамытудың, яғни Pinduoduo компаниясымен жұмысымыздың қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қалай көмектескенін айтып өткім келеді. Бастапқыда олар сайттағы жұмыстарды орыс тілінде жүргізуде ұсынды. Менің аудиториям, сол кезде жинаған 200 мың клиентім таза қазақ тілінде ғана сауда жасап отырғандықтан, қарсы болдым. «Егер орыс тілінде сауда жасап отырған және менен көп клиент жинаған адамды тапсаңыздар, мен келісемін. Әрине, сайт сіздердікі, өздеріңіз білесіздер. Мен бар болғаны фактілерді айтып отырмын» дедім. Кейін расымен де Қазақстанда сауда жасайтын адамдардың қазақ тілді екеніне көз жеткізген соң, олар сан миллион адам қолданатын сайтқа қазақ тілін енгізді. Осы нәрсе қазақ тілі – ана тіліміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенемін. Өйткені, тілді дамыту үшін оны практика жүзінде қолданатын жерлерді көбейту керек. Жалпы сыртқы сауда-саттықты дамытудың маңызы мен осы секілді пайдалы тұстары көп», – деді Janapost логистика компаниясының директоры Сержан Тоқай. 

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы былтыр рекордтық көосеткішке қол жеткізіп, жалпы құны 134,4 млрд АҚШ долларды құрады. Ал сауда профициті – 34,3 млрд доллар. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрынғы сыртқы сауда айналымымен салыстырғанда 82% өскен. Экспорт бағытындағы көрсеткіш 84,4 млрд долларды құрады. Елімізде ең көп экспортталатын тауарларға мұнай мен металл өнімдері кіреді. Қазақстанда өндірілген өнімдердің 56 пайызы сыртқа экспортталған.

Өткен жылы Орталық Азияның ең ірі іскерлік және қаржы орталығы болып саналатын Алматыда TRADEX халықаралық форумы өтті. Аталған шара кезінде сауда тенденциялары, логистика, электронды коммерция, франчайзинг салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Форумды ұйымдастырушы Ақеркін Ералиева оның басты идеясы Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасында сауда ынтымақтастығын нығайту және халықаралық сауданы қолдау екенін айтты.

Сондай-ақ ол ұзақ уақыт бойы Алматы қаласы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша лидер атанып, ел экономикасының бестен бір бөлігін құрап отырғанына тоқталған еді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов өз кезегінде Қазақстанның шикізат экспорты басым түскен оң сауда балансы барын, ал импортқа қайта өңделген және дайын тауарлар кіретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол бүкіл ұлттық экономиканың ресурстарын жұмылдыруға және барлық мүдделі тараптың күш-жігерін біріктіруге тиіс елішілік құндылықты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, мұндай шаралар импортқа тәуелділікті төмендетуге, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және бағалардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алаңда сауда саясатындағы тенденциялар туралы айтылып, сала сарапшыларынан практикалық ұсыныстар мен түсіндірмелер берді.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Мишель Еркін АҚШ Орта Азиядағы сауда мен интеграциялық күш-жігерді қолдайтынын атап өтті. Айтуынша, бұл үдеріс серіктестіктердің тұрақты өсуінен көрінеді. Өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстанның АҚШ-қа экспорты шамамен 60%-ға, ал АҚШ-тың Қазақстанға экспорты 20%-дан астам өскен.

Таңбалар: қазақ тілісыртқы саудатабыс

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды
Жаңалықтар

Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды

26.08.2026
Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық
Жаңалықтар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық

18.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist