Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Мирзиеёвтің кітабына Ердоғанның өзі алғысөз жазды

ТАШКЕНТ. 3 наурыз. Түркияда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвтің «Жаңа Өзбекстан – келешегі зор мемлекет» деп аталатын жинағы жарыққа шықты. Бұл туралы «Спутник Узбекистан» хабарлады.

Хабарланғандай, «Йени Озбекистан келеджеги буюк девлет» деп аталатын кітапқа түрік лидері Реджеп Тайип Ердоғанның жеке өзі алғысөз жазған. Ал оның тұсаукесерін Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой дайындады.

Кітаптың жазылуына бүгінгі таңда Өзбекстанда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістер мен реформалар негіз болып, шабыт бергені атап өтіледі.

«Шавкат Мирзиеёв үш жылдың ішінде көптеген жалынды сөздер сөйледі. Тарихи оқиғалар ретінде атап өтілетін бұл баяндар бастапқыда тек өзбек және орыс тілдеріне ғана қолжетімді болды, кейін көптеген шетел тілдеріне, соның ішінде түрік тіліне де аударылып, кітап түрінде басылып шықты», – делінген Түркияның Өзбекстандағы елшілігінің хабарламасында.

Сол сияқты бұл кітапқа дейін Өзбекстанда қарқынды түрде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар туралы бірде-бір тұғырлы жарияланым болмағаны да айтылады.

Кітаптың бірінші басылымы 1000 дана таралыммен шықты. Оның бірінші данасы Шавкат Мирзиеёвке табыс етілді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button