Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Барыс» өз алаңындағы екінші матчта «Металлургтен» ұтылды

АСТАНА. 3 наурыз. Астананың «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясының екінші матчында «Металлургтен» ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Шығыс дивизионның 1/4 финалындағы екінші кездесуде астаналықтар Ресейдің Магнитогорск қаласынан келген клубқа 0:3 есебімен есе жіберді.

Матчтың тағдыры екінші кезеңде шешіліп қойды. Ойындағы бірінші шайба 25-минутта салынды. Оны Андрей Нестрашил түсірді. Төрешілер бұл голды монитордан қайта қарап шыққаннан кейін есепке алды. 28-минутта қонақтар Сергей Мозякиннің дәл соққысынан кейін есепті ұлғайтты. Ал 37-минутта осы форвард Нестрашилдің кезекті голды соғуына дәнекер болды. Сөйтіп, кездесудегі үш шайба да екінші кезеңде қақпаға түсті.

Айта кетейік, мұның алдындағы бірінші матчта «Барыс» осы команданы 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

Сонымен, матчтың жалпы есебі 1:1 болды.

Енді «Барыс» – «Металлург» сериясы Магнитогорскіде жалғасады. Онда 5 және 7 наурыз күндері екі ойын ойналады. Бұлардың алғашқысы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталса, келесісі 18:00-де старт алады.

Бұдан кейінгі бесінші кездесу 9 наурыз күні Астанада ойналады. Бұл матчтарда жеңімпаз анықталмаса, «Барыс» 11 наурызда сыртта, 13 наурызда өз алаңында қарсыласымен тағы күш сынасады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button