«Путиннің сөздеріне бүкіл Америка кеңкілдеп күліп отыр» – Маск осылай деді
УАШИНГТОН. 14 ақпан. Аты әлемге танымал өнертапқыш Илон Масктің мысқылдауынан кейін РФ диктаторы Владимир Путиннің сұхбатын жұрт жаппай келеке етуге көшті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жақында Владимир Путиннің америкалық блогер Такер Карлсонға сұхбат бергені белгілі.
Осында Кремльдің қожайыны өзін жақсы қырынан атап өтсе де, әйгілі өнертапқыш, олигарх Илон Маск оның сөздерін мазаққа айналдырды. Сол әжуа америкалықтардың күлкілерін қоздырып жіберді. Олар осыған байланысты алуан түрлі мем сала бастады.
Әлеуметтік желі пайдаланушылар өздерінің мемдерінде әсіресе Ресейдің Украинаға неге соғыс ашқаны жайлы сұрағына Путиннің орынсыз ұзақ және тарихи тұрғыдан сауатсыз жауабына көбірек көңіл аударды.
Иә, бәрі Илон Масктің Twitter-дегі парақшасына SpaceX-тің тарауын салып жіберіп, Путинді келеке етуінен басталды.
«Қазіргі сәттегі ең үздік жауап», – деп қол қойды Маск өз жазбасына.
Масктің мемі әжуалардың нағыз дауылын тудырып әкетуші болды. Сол-ақ екен, желі пайдаланушылар эстфетаны қағып әкетті. Олар РФ президентінің әртүрлі күмәнді себептерді алға тартып, көрші жатқан бейбіт елге ашқан соғысын ақтамақ болғанын қатты мазаққа айналдырды. Путиннің тарихи шындықты көрер көзге бұрмалап, өзінің ойдан құрастырған ертегісін соғып кеткенін келеке етті. Америкалықтар Ресей узурпаторына мұндай үндеумен динозаврлар заманына, тарихқа дейінгі дәуірге, Кеңістікте жарылыс орын алған уақытқа дейін немесе «Шығыршық әміршісі» (ағылшын жазушысы Дж. Толкиннің фантазиялық роман-эпопеясы) туындысында суреттелетін мезгілге барып қайтуды ұсынды.
Еске сала кетейік, Путиннің Украинаға соғыс ашуының себебін түсіндіру үшін тарихқа жасап шыққан шолуының түсініксіз де тым шұбалаңқы болуы тіпті Карлсонның өзін таң қалдырған еді. Ондағы тарихи деректердің жаппай бұрмалануы Кремль қожайынының сауатсыз екенін де толық айғақтап берді.