Ресейде Ту-95 ұшағымен Украинаға шабуыл жасаған әскери пилот атылды
КИЕВ. 3 аақпан. Саратов облысындағы Энгельс қаласында Украинаны бомбылаған Ту-95 ұшағының командирі Олег Стегачевке шабуыл жасалды. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының (БББ) мәліметінше, Стегачев украин қалаларына бомбы тастап, бейбіт тұрғындарды қыруға белсене атсалысқан. Сондықтан ол соғыс қылмыскері ретінде сырттай ату жазасына кесілген.
«Ресейдің Энгельс қаласынла Ту-95 стратегиялық бомбардировщик экипажының командирі, майор Стегачев Олег Сергеевич атылды», – деп атап көрсетті ведомство.
Ресей пилоты 1983 жылғы 23 маусымда туған, «Энгельс» авиабазасында (әскери бөлімі – 06987) қызмет еткен. Ол Ресей армиясының Украинадағы азаматтық нысандарға ракетамен соққы жасауына және бейбіт украиналықтарды өлтіруге тікелей қатысқан», – деп атап көрсетті украин барлауы.
Шабуыл нәтижесінде Олег Стегачевке оқ тиіп, жарақат алып қалғаны анық. «Тірі қалды ма, жоқ па – оны енді анықтаймыз», – дегенді қосты барлау басқармасындағылар.
БББ-дағылар Украинадағы соғысқа қатысқандардың бәрі соғыс қылмыскері болып саналатынын баяндады. Олардың барлығы өз жазаларын алады. «Барлық соғыс қылмыскерлерін тиісті жазалары күтіп тұр. Біз сіздердің аты-жөндеріңізді, тұратын мәнзілдеріңізді, автомобильдеріңіздің нөмірлерін, жүретін жолдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңызды білеміз. Соңыра сіздерді тауып алу қиын емес», – деп ескертті ведомство.