Еурокомиссия басшысы Путиннің Гаагадағы сотын болдыруға уәде берді
БРЮССЕЛЬ. 9 наурыз. Еуропа комиссиясының райысы Урсула фон дер Ляйен РФ президентінің Украинадағы басқыншылық соғысы үшін жазаланатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басқыншылық соғыс ашқаны үшін жаза алатын болады», – деді Урсула фон дер Ляйен.
«Мен Бучада ол азат етілгеннен кейін болдым. Қаптаған қапшықтарға салынған жазықсыз адамдардың өлі денелерін еш уақытта ұмытпаймын <…> Путин осы соғыс қылмысы үшін жауап береді. Оған әділ соттың қолы жетеді. Оны Гаага трибуналы күтіп тұр», – деді Еуропа комиссиясының басшысы өзін екінші мерзімге ұсынған Еуропа халық партиясының съезінде.
Ол Путиннің «Украинаны жер бетінен жойып жіберуге», «тарихты қайта жазуға» және «болашақты ұрлауға» әрекет жасап жатқанын атап өтті. Бірақ Еуропа Киевке қанша керек болса соншама қолдау көрсетеді.
«Ресей оккупанттары үйлерді, ауруханалар мен балабақшаларлы жойып жіберді, бірақ азат және гүлденген Украина жөніндегі арманды олар жойып жібере алмайды», – деді фон дер Ляйен.
Еурокомиссия басшысы сондай-ақ ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өліміне де Путинді тікелей кінәлі деп тапты.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот өткен жылдың наурызында Путин мен Ресейдің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алу жөнінде ордер берген еді. Оларға Украинаның басып алынған жерлерінен украин балаларын заңсыз депортация жасап алып кетті деген айып тағылып отыр. Ордер өмірлік күші бар тәртіппен берілді, ол тек Ресей президенті өз еркімен сот алдына келген жағдайда ғана пәрменін тоқтатады.