Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Энгельске үш дүркін шабуыл Кремль бюджетін $1 млрд-қа кемітті

КИЕВ. 28 наурыз. Украина әскерлерінің Энгельс қаласындағы әскери базаға үш дүркін соққы беруі РФ бюджетінің 960 млн долларын жоқ қылып жіберді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әскери сарапшылар Украина Қарулы күштері ұшқышсыз ұшақтарының үш мәрте шабуыл жасауы Ресейді 960 млн долларға отырғызып кеткенін баяндады. Арнайы операцияның өзі 20 наурыз күні түнде жасалды. Бұл дрондардың соңғы 10 аптада Самара облысының Энгельс қаласындағы әскери базаға үшінші сапар күйрете соққы беруі еді.

«Украина бас штабындағылар сол шабуылдың арқасында Кремльдің Украина қалаларын атқылау барысында жиі қолданып жүрген «Х-101» типті 96 қанатты ракетасы жойып жіберілгенін растады», – деп жазады Forbes ресурсы.

Киевтегілер орыстардың бұл қанатты зымырандарды Украинаға наурыз-сәуір айларындағы шабуылдары кезінде пайдалануға тиіс болғанын мәлімдеді. Мұндай типті ракеталарды Мәскеудің түбіндегі «Радуга» конструкторлық бюросы жасап шығарады. Осындай бір ракетаның құны шамамен 10 млн доллар тұрады. РФ айына «Х-101» ракетасының 50 данасын шығара алады.

Энгельске 2025 жылы украин ұшқышсыз ұшақтары бірінші рет 8 қаңтарда келді. Сол жолы үлкен жанармай қоймасы соққының астында қалды. Ондағы өрт 6 күннен кейін ғана сөндірілді. Бірақ соған дейін 800 мың тонна отын «ұшып кетті». Дрондар 14 қаңтарда екінші рет келіп атой салды.

Украина ұшқышсыз ұшатын ұшу аппаратын жасауда бас айналдырарлық табысқа жетті. Соның ішінде 1200 км қашықтыққа ұшып бара алатын жаңғыртылу негізіндегі спорт ұшақтарын да шығарды. Мұндағылар сондай-ақ өзінің мың шақырымға жететін «Нептун» қанатты ракетасын да жасай алды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button