Парламент депутаты Ринат Зайытов Үкіметтің өктемдігін сынға алды
АСТАНА. 30 қаңтар. Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов Үкіметтің заңға сәйкес келмейтін жойдасыздығын көрсететін өктемдігіне қарсы жауап қайтарды. Бұл туралы Bugin.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
От ауызды, орақ тілді мәжілісменнің Министрлер кабинеті мен оның басшысына қарата айтқан депутаттық сауал беру сәті әлеуметтік желіде видео болып тарады. Ол уацап арқылы да талай кеңістікті шарлап үлгерді.
«Менің Үкімет мүшелеріне айтарым бар. Құрметті Данияр Рамазанұлы, Алма Қайратқызы, және тағы басқалар! Софы Сматаевта жақсы сөз бар, «Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой» деген. Сіздердің мына заңдарыңыз қашып құтыла алмайтындарыңызды білгеннен соң, қуып қорқытпақшысыздар ма деп отырмын да. Жеке талқылайық. Қазіргі 8-шақырылымның белсенділігіне қарай, – өткенде оны Премьер-Министрдің өзі де айтты, – «Парламент тым көп алады өзіне» деп. «Бұл Үкіметке жұмыс істеуге бөгет жасап отыр» деді. «Жұмыс істеу» деген тырнақшаның ішінде. Халықтың игілігіне емес. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында депутаттық заң жобаларын жария талқылауды өткізу дейді де, жақшаның ішіне Үкімет қорытындысын ескере отырып дейді. Үкімет қорытындысын ескеретін болсақ, қалғанының не керегі бар? Ақыры қорытындыны Үкімет беретін болса», – деді Ринат Зайытов өз сөзінде.