Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Путин соғысқа барған шетелдіктерге білгендерін істеулеріне рұқсат берді

МӘСКЕУ. 24 наурыз. Ресей диктаторы Владимир Путин РФ Қарулы күштерінде қызмет етіп келген шетелдіктерді бұзақылықтары үшін елден қууға тыйым салды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президент Владимир Путин Ресей армиясында келісімшарт бойынша қызмет еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды депортациялауға тыйым салатын заңға қол қойды.

Кремль веб-сайты құжаттың Ресей Қарулы күштерінің немесе әскери құрамалардың құрамында Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқандарға қолданылатын баяндады. Енді егер мұндай адамдар депортациялауға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, жазасы айыппұлға немесе 100-ден 200 сағатқа дейінгі мәжбүрлі жұмысқа ауыстырылады.

Путин заңға 8 наурызда қол қойды. Жаңа мизам іс жүзінде Украинадағы соғысқа жөнелтілетін, көптеген елдерде, соның ішінде Мәскеуге «дос» елдерде де басқа мемлекеттің сапында соғысқа қатысқандары үшін қылмысты болып саналатын жалдамалыларды елден шығарып жіберуден қорғайды.

Шетелдіктер Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыру мүмкіндігін 2022 жылдың қарашасынан бастап алды, ал азаматтығы жоқ кісілер мұндай мұрсатқа 2024 жылдың шілдесінде ие болды. Ал 2024 жылдың қаңтарынан оларға және олардың отбасы мүшелеріне Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру, яғни ешқандай емтихансыз және бес жылдың көлемінде тұрақты тұруға рұқсат заң күшіне енді.

АҚШ деректері бойынша, 2025 жылдың күзінде Ресей жағында 5000-ға дейін кубалық азамат соғысқан. «Важные истории» жобасының журналистері 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін Непал, Қытай, Үндістан және Өзбекстанды қоса алғанда, 49 елден 1500-ден астам шетелдік келісімшартқа қол қойғанын анықтады.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың соңына дейін Ресей Африка, Азия және Латын Америкасының 128 елінен шамамен 18 000 азаматты әскерге шақырған, олардың кем дегенде 3300-і қаза тапқан.

Непал, Үндістан, Шри-Ланка, Иордания және Кения сияқты бірнеше ел Мәскеуден өз азаматтарын әскерге шақыруды тоқтатуды талап етті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button