Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
АСТАНА. 30 қаңтар. Қазақстанда запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», – делінген қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.