Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Уотфорд» «Ливерпульді» талқандап тастады (видео)

УОТФОРД. 1 наурыз. Ағылшын премьер-лигасының 28-турында «Уотфорд» өз алаңында топ басындағы «Ливерпульді» қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті. Бұл туралы «Еуроспорт» хабарлады.

Кездесу Уорфордтағы «Викарэйдж Роуд» стадионында өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бірінші голды «Уотфордтың» шабуылшысы Исмаил Сарр екінші таймның бас жағында, 54-минутта салды. Арада 6 минут өткеннен кейін ол тағы бір доп түсіріп, дубль жасады. Ал таймның орта тұсында, 72-минутта Трой Дини мергендігімен көзге түсті. Осымен қорытынды есеп жасалды.

Бұған дейін «Ливерпуль» 26 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте тең ойнап, бірде-бір кезек жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ еді.

Қазір неміс маманы Юрген Клопп жаттықтыратын команда 79 ұпаймен көш бастап келеді. Ал есебінде 27 ұпай бар «Уотфорд» 17-орында тұр.

Келесі, 29-турда «Ливерпуль» өз алаңында «Борнмутты» қабылдаса, «Уотфорд» сырт алаңда «Кристал Пэласпен» ұшырасады. Екі матч та 7 наурыз күні ойналады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button