Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Он жасар каратист үш тонаушыны ұрып жықты

ЛОНДОН. 1 наурыз. Британияның Хейвордс-Хит елді мекенінің жас тұрғыны өзіне тап берген үш тонаушыны теңдессіз жекпе-жекте жеңіп шықты. Бұл туралы «The Sun» газетінің дерегіне сүйенген «РЕН ТВ» телеарнасы хабарлады.

Телеарна мағлұм еткендей, 10 жасар Чарли Фичер тонаушылар тап бергенде, өзімен қатар бір қызбен бірге көшеде серуендеп жүр екен. Тұтқиылдан тап берген жасөспірімдер баланың сөмкесі мен и iPhone-нын жұлып алып, қашып кетпекші болады.

Бірақ олар өздерінің каратемен шұғылданатын баламен бетпе-бет келіп тұрғандарын білген жоқ еді. Жас спортшы артынша қашқындарға қуып жетіп, шетінен ұрып құлата бастайды. Содан кейін тонаушыларға оқиға болған жерден тайып тұрғаннан басқа амал қалмады.

«Бұған дейін маған еш уақытта дәл қазіргідей көшеде карате әдістерін қолданудың реті келмеп еді», – деде кішкентай Чарли. Ол бұзақыларға мұның сабақ болатынын айтты.

Полиция көп ұзамай қаскөйлерді тұтқынға алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button