Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Украина барлауы Ресейдің Ил-76 ұшағы арқылы арандатуын сынға алды

МӘСКЕУ. 25 қаңтар. Украина барлау қызметі Ресейдің Ил-76 ұшағы апатын кезекті мәрте арандату үшін қолдан жасағанын паш етті. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы Ресейдің Белгород облысы аспанында жарылып кеткен Ил-76 әскери-көлік ұшағын апатқа ұшырату жолымен алдын ала жоспарластырылған кезекті арандату әрекетін жасады деп айыптады. Бас басқарма мәлімдемесінде әдетте тұтқындар алмасуы кезінде болып тұрғанындай, Мәскеудің бұл жолы Киевке Белгород облысының әуе кеңістігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жөнінде ескерту бермегені сөз етіледі.

«Қазіргі уақытта Украинада ұшақтың бортында кімдердің және қанша адамның болғаны жайлы сенімді және жан-жақты ақпарат жоқ», – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Украина барлауы сонымен қатар Киевтің тұтқындар алмасуды дайындау үшін жасалған барлық келісімдерді орындағанын, ал украин әскерлерінің қауіпсіздігін Ресей тарапы қамтамасыз етуі керектігін алға тартады.

«Украина тарапына бұрын бірнеше рет жасалғандай, белгілі бір уақыт аралығында Белгород қаласының маңында әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабар жеткен жоқ. Украинаға көлік құралдарының саны, тұтқындарды жеткізу маршруттары мен нысандары туралы ақпарат берілмеді. Тұтқындарды жеткізу авиациялық, сондай-ақ теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатыны белгілі. Бұл Ресейдің тұтқындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіруге бағытталған қасақана әрекеттерін көрсетуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Осы орайда украин барлау басқармасы «Ресей Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыру және Киевтің халықаралық қолдауына нұқсан келтіру үшін жоспарланған қасақана арандатушылыққа баруы ықтимал» деп болжайды.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін ұшақты Харьков облысының Липцы елді мекенінен Ил-76 ұшағына қарай екі ракета жөнелткен Украина Қарулы күштері атып түсіргенін баяндаған болатын. Мәскеу сондай-ақ аталмыш апат салдарынан 65 украин әскері, 6 экипаж мүшесі және тұтқындарды алып келген 3 ресейлік әскери қызметкер қаза тапқанын мәлімдеді. Кремль, міне, осылардың бәрін бір арандату жолында құрбан етіп отыр..

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button